«Қолөнер шеберханасы»
КТІ «Қолөнер шеберханасы» ұжымдық шығармашылық ісі аясында қызығушылықтары бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Шығармашылық шеберханада шабыт пен ізденіске толы ерекше атмосфера қалыптасты. Балалар қолөнердің түрлі тәсілдерін меңгеріп, қиялын, ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын дамытып, өз қолдарымен ерекше бұйымдар жасады. Әрбір жұмыс – шығармашылықтың, ұқыптылықтың және даралықтың көрінісі. Бірлескен жұмыс қатысушыларға жаңа идеялар, жарқын әсерлер мен өз еңбегінің нәтижесіне деген қуаныш сыйлады. Өз қолыңмен жасаған әрбір туынды – шығармашылыққа бастар жол, қабілетіңді шыңдап, әсемдікті бағалауға үйретеді!
