2026 жылғы 24 қыркүйекте «Балалар техникалық мектебі» КММ-де кеме модельдеуден FSR Mini жарысының III кезеңі өтті.
Қатысушылар су айдынында өз модельдерін таныстырып, оларды басқару шеберлігін, дәлдігін және техникалық дайындығын көрсетті. Мұндай жарыстар балаларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, кеме модельдеу дағдыларын жетілдіруге және құнды жарыстық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға жаңа жетістіктер, сәтті старттар мен жарқын жеңістер тілейміз!
