Көтеріңкі көңіл күймен шығармашылықпен айналысамыз!
«Жас қолөнерші» үйірмесінің сабағында балалар фетрден жарқын әрі көңілді смайликтер жасады. Фетрмен жұмыс жасау барысында балалар бөлшектерді ұқыпты қиып, оларды біріктіруді, түстерді үйлестіруді үйреніп, қиялдарын дамытады және өз идеяларын шағын шығармашылық жұмыстарға айналдырады. Әрине, әр смайлик өзіндік мінезі мен көңіл күйін бейнелейтін ерекше туынды болып шықты!
