Сәндік-қолданбалы өнер үйірмесінде балалар квиллинг техникасымен танысуда.
Жіңішке қағаз жолақтарын әртүрлі пішінде шиыршықтап, олардан әдемі гүлдер мен ерекше ашықхаттар жасайды. Мұндай шығармашылық жұмыс ұсақ қол моторикасын, ұқыптылықты, шыдамдылық пен қиялды дамытады. Ең қуаныштысы — өз қолыңмен жасаған әдемі жұмыстың нәтижесін көру!
