Отан-FEST: өнер және технология Республика күні қарсаңында «Жас қолөнерші» үйірмесінде «Ұлттық нақыш» атты шығармашылық шеберлік сағаты өтті.
Үйірме жетекшісі Балғабаева Акихат Нурмухаммедовнаның жетекшілігімен тәрбиеленушілер қазақтың ұлттық ою-өрнектерін пайдаланып, фетр мен сәндік элементтерден ерекше брошьтар жасады. Әрбір бұйым өзіндік өрнегімен, үйлесімді түстерімен және ұлттық нақышымен ерекшеленді. Осындай шығармашылық жұмыстар балаларды ұлттық қолөнермен жақынырақ таныстырып, халқымыздың мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырады. Ұлттық өнер — ұлт қазынасы!
