Отан-FEST: өнер және технология Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылған «Отан-FEST: өнер және технология» фестивалі аясында Балалар техникалық мектебінде тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.
Көрмеге Қазақстанға, оның мәдениеті мен дәстүрлеріне, заманауи жетістіктеріне арналған суреттер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ұлттық ою-өрнектер, макеттер мен шығармашылық жобалар қойылды. Әрбір жұмыс – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, қиялын және шығармашылық шеберлігін танытатын ерекше туынды. Отанға деген сүйіспеншілік – шығармашылықтан басталады!
