Отан-FEST: өнер және технология EcoCraft — материалдарға екінші өмір Қазақстан Республикасының күніне арналған «Отан-FEST: өнер және технология» фестивалі аясында тәрбиеленушілеріміз қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған шығармашылық онлайн-тапсырма
Балалардың міндеті қарапайым әрі ерекше болды: кәдімгі пластик қақпақтарға екінші өмір сыйлау! Қақпақтар мен ермексазды пайдалана отырып, балалар оларды түрлі жарқын шығармашылық жұмыстарға айналдырды: қанқыздар, балықта, тасбақалар және басқа да қызықты кейіпкерлер жасады. Осылайша қажетсіз болып қалуы мүмкін қарапайым материал шығармашылықтың негізіне айналды. Осындай тапсырмалар арқылы балалар қиялын дамытып, өз қолдарымен жаңа дүние жасауды және табиғатқа ұқыпты қарауды үйренеді. Бірге шығармашылықпен айналысып, қиялымызды дамытып, еліміз бен табиғатымызға қамқор болайық!
