Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Күзгі каникул кезеңінде Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінде балалардың шығармашылық, зияткерлік және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған сабақтар жалғасуда.
29-10-2026 00:08
Күзгі каникул кезеңінде Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінде балалардың шығармашылық, зияткерлік және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған сабақтар жалғасуда.

Мектепте қосымша білім берудің түрлі бағыттары жұмыс істейді: робототехника, авиамодельдеу, кеме модельдеу, техникалық және стендтік модельдеу, цифрлық шеберхана, сурет салу, мүсіндеу, қолөнер, сәндік-қолданбалы шығармашылық, бисермен тоқу, шахмат және тоғызқұмалақ. Сабақ барысында тәрбиеленушілер құрастырумен, модельдеумен айналысып, шығармашылық жұмыстар жасайды, жаңа дағдыларды меңгереді және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Каникул кезеңінде сабақтарды ұйымдастыру балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, қызығушылықтарын дамытуға және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.