EcoCraft — қарапайым заттарға екінші өмір сыйлаймыз!
Бір рет қолданылатын стақандар тек сусын ішуге ғана арналған деп кім айтты? Біздің жас шеберлеріміз қарапайым материалдардан да әдемі бұйымдар жасауға болатынын дәлелдеді! Бұл жолы кәдімгі бір рет қолданылатын стақандар әсем ақ гүлдерге айналды! Аздаған қиял, шыдамдылық пен шебер қолдар — міне, ешқашан солмайтын әдемі гүл шоғы дайын! Мұндай шығармашылық сабақтар балалардың қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретеді. Қажетсіз заттарды тастауға асықпаңыз — оларға екінші өмір сыйлаңыз!
