Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Қала күніне арналған балалар шығармашылықтарының көрмесі
16-09-2014 05:11
Қала күніне арналған балалар шығармашылықтарының көрмесі

  

   2014 жылғы 14 қыркүйегінде Қала күніне арналған қалалық көрме өтті. Балалар техникалық мектебінің мұғалімдері мен оқушылары көрмеге дәстүрлі қатысты. Олар: «Фантазия» студиясы -жетекшісі Рекунова О.А., «Сувенир» студиясы- жетекшісі Томм В.М., «Флора» студиясы-жетекшісі Зозуля И.О. және Р.Б.Ильясов, М.П.Еременко жетекшілеуімен кеме, авиа модельдеу үйірмелері.

   Қала тұрғындары мен қала қонақтары назарларына Балалар техникалық мектебі тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Осы жолы әр түрлі техникады жасалған жүзден астам жұмыстар көрсетілді. Көрмеде балалар авиа, кеме модельдеу шығармашылығы саласында пайдаланатын жаңа технологияларды көрсетті. Біздің көрмеміз тек ұлдар мен қыздарға ғана емес, үлкен адамдарға да қызықты болды.