Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
3D модельдерінің элементтерін қолдана отыра, сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының панорамалық- көрмесі
27-03-2019 17:40
3D модельдерінің элементтерін қолдана отыра,  сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының  панорамалық- көрмесі

   "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, "Тәрбие және білім"  кіші бағдарламасының  "Саналы азамат" бағытында Балалар техникалық мектебі 3D модельдерінің элементтерін қолдана отыра,  сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының  панорамалық-көрмесін өтті. Мақсаты - сәндік-қолданбалы өнер үйірмелерінің шығармашылық жұмыстарында қазіргі 3 D модельдеу техноголиясының элементтерін қолдану.

   Бірнеше айлар бойы біздің мектебіміздің тәрбиеленушілері көшпенді өмір салт-дәстүрлерімен, көркем қолөнермен, көркем өнеркәсіппен, халық шеберлерінің және кәсіби сәулетшілердің  жұмыстарымен танысты,қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне баулу, өздерінің шығармашылық жобаларымен  жұмыс жасады.  Өз жұмыстарында олар 3Dпринтерінде шығарылған  модельдерді  ұлттық  қолданбалы  өнер элементтерімен  сәндеді.

   Аталған көрме техникалық және  сәндік-қолданбалы өнер бағыттарының  шығармашылық    қарым-қатынас қорытындысы.

   Көрмеде 3Д принтерінде шығарылған экспонаттар көрсетілді: «Ою», «Тюльпан», «На страже родной земли», «Домбыра», «Пиала»,  «Торсық», «Дөңгелек үстел», «Асық», «Қобыз», «Алтыбақан», «Киіз үй».

   Аталған көрмеге 100 адам қатысты. Балалар өз жұмыстарының нәтижесін көріп өте қуанышты сезімде болды. Ең бастысы балаларға өте ұнады.