«Шеберді сынама, өнеріне таңдан»
2019 жылдың 19 сәуірінде «|Шығармашылық аумақ» атты мектеп жобасын іске асыру шеңберінде, өз жұмыстарында жаңа бағыттарды, креативті идеяларды іздеуде, сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің педагогтары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне барды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, кәсіптік оқыту кафедрасының меңгерушісі Фарида Алмырзинқызы Курабаева өз студенттерінің шығармашылық әлеуетімен бөлісті. Шығармашылық кездесу барысында педагогтар оқу кабинеттерін, шеберханалар мен зертханаларды көріп, ағашты көркемдеп өңдеу бойынша мастер-класқа қатысты.
Фарида Алмырзинқызы мен кәсіптік оқыту кафедрасына үлкен алғыс білдіреміз!