«Ең креативті өнертапқыш» конкурсы
"Шеберлер қаласы" жазғы онлайн жобасын жүзеге асыру шеңберінде Балалар техникалық мектебінде 22 маусым мен 26 маусым аралығында " Ең креативті өнертапқыш " қашықтықшығармашылық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері: жазғы демалыс кезінде балалардың қызықты, өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, қызықты және креативті идеяларын дамыту үшін жағдай жасау.
Байқауға қаланың және облыстың жалпы білім беру мектептерінің 100-ден астам оқушысы қатысты.
Байқау қорытындылары бойынша жүлдегерлер "Балалар техникалық мектебі" КММ дипломдарымен марапатталды.
