Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Техникалық мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етудің тиімді жолдары"
18-08-2020 16:23

        Бүгін, 18.08.2020 ж., білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз педагогикалық форумы шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар техникалық мектебі" КММ ұйымдастырған  "Техникалық мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етудің тиімді жолдары" техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтарының форсайт-сессиясы өтті.Онлайн сессияға қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогтары қатысты.Өз тәжірибелерімен "Балалар техникалық мектебі" КММ қосымша білім беру педагогтары мен "Жігер" БЖК педагогтары бөлісті.

   Ең үздік баяндамалар "Павлодар қаласының білім беру бөлімі" ММ грамоталарымен белгіленді:

- Р. Б.Ильясов, баяндама тақырыбы: "Техникалық бағыттағы үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру»;

- Р. В.Ладин, баяндама тақырыбы: "Инженерлі-компьютерлік үш өлшемді модельдеу технологиясының элементтері»;

- О.А.Зозуля, баяндама тақырыбы:«Әскери техника» үйірмесінің қызметі барысында балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық ойлауын тәрбиелеу»;

- Р.В.Маричев, баяндама тақырыбы:«Идеядан модельге дейін. Үйірме жұмысында сандық бағдарламалық станоктарды пайдалану».

      Нәтижесінде модератор ретінде шақырылған С. Торайгыров ат. ПМУ-нің қауымдастырылған профессоры, физика, математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының техника ғылымдарының докторы Анатолий Васильевич Мануковский сессияның жемісті жұмысын және сөз сөйлеген педагогтардың сапалы дайындығын белгілеп өтті. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы менеджмент бойынша ұсыныстармен қорытындылау барысында "Павлодар қаласының білім беру бөлімі" ММ әдіскері Маржан Қуандыққызы Касенуалиева сөз сөйледі.