"Балалар техникалық мектебіне қош келдіңіздер!» Ашық есік аптасы
2020 жылдың 1-11 қыркүйек аралығында Балалар техникалық мектебінде " Балалар техникалық мектебіне қош келдіңіздер!" атты ашық есік апталығы онлайн форматта және штаттық режимде өтті.
Қосымша білім беру педагогтары балалар мен ата - аналарға арналған әлеуметтік желілерге жарнама роликтерін дайындап орналастырды. Бейне материалда Балалар техникалық мектебінің қызметі, жұмыс істейтін үйірмелер туралы айтылады, жұмыс уақыты, мақсаттары мен міндеттері, үйірмелердің жалпы сипаттамасы, іс-әрекет түрі.
Көптеген ата аналар мектептің штаттық режимдегі жұмысы туралы әлеуметтік желілерден біліп, балалармен бірге шолу экскурсиясына келді, қызығушылықтары бойынша үйірмелер таңдап, сабаққа жазылды.


