Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Табиғатпен үйлесімді өмір сүрү»
12-10-2020 18:14
«Табиғатпен үйлесімді өмір сүрү»

   2020 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Павлодар қаласының "Балалар техникалық мектебі" КММ-нің сәндік-қолданбалы үйірмелерінің тәрбиеленушілері шығармашылықпен айналысып, өз жұмыстарын " Табиғатпен үйлесімді өмір сүр "республикалық конкурсына жіберді.

      Байқаудың ұйымдастырушылары ҚР БҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және "Қазақстанның ядролық қоғамы"атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталығы.

        Мақсаты: жас ұрпақтың назарын экологиялық мәселелердің өзекті сұрақтарына аударту, саналы іс-әрекетті насихаттау және балалар мен жастарда табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

   Павлодар облысынан 10 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша республика бойынша 60 тәрбиеленушімен ұсынған жұмыстардан  "Қоқысты сұлулыққа айналдырайық" номинациясы бойынша Балалар техникалық мектебінің үйірмешілері екі жүлделі орынға ие болды: Евгений Сажин – 2 орын, Виктория Абдуллина - 3 орын.