«Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Павлодар қ., Ледовской көш., 18/3
332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Бір жылда2907889
Бір айда232603
Бір аптада50567
Кеше8379
Тәулік7042
Сәтсіз отбасылармен жұмыс

Соңғы он жыл көлемінде сәтсіз отбасылар санының көлемі көбейгені байқалады.

Педагог сәтсіз отбасылармен жүргізетін өз жұмысы барысында жанұяның балаға әсер етуін жақсы білуі керек.

Сондықтан да көмек және құқығын қалпына келтіруді қажет  ететін жанұяларды мейлінше тезірек анықтаған жөн. Алгоритм бойынша жұмыс істеуге тырысамыз.

Сәтсіз отбасыларымен жүргізілетін жұмыстар алгоритмі

1-кезең: мектепке келуге тиіс балалардың тізімін құру, жанұяларды зерттеу және ондағы бар проблемаларды анықтау.

2-кезең: сәтсіз (проблемалы) отбасылардың алғашқы  тұрмыстық-үй жағдайын тексеру; өзіміз үшін ең қажеттісін белгілеп алатын тексеру актісі құрылады. Сол арқылы жұмыс істеу керек. Мысалы: жұмыспен қамту орталығына есепке қою, немесе сол отбасына қажетті тақырыпқа әңгімелесуді дайындау, т.б.  

3-кезең: жанұя мүшелерімен және оларды қоршаған ортасымен танысу, ата-аналармен әңгімелесу, олардың өмір сүру жағдайымен танысу; (жанұя мүшелерімен сөйлесу сыйластық-сенімділік қатынаста, ата-аналар сізден кіші болған жағдайда да  аты-жөнін дұрыс айту керек)

4-кезең: Жанұяға бұған дейін көмек көрсеткен қызмет түрлерімен танысу, олардың әрекеті мен шешімдерін зерттеу; (Ешуақытта кеңес сұраудан немесе көмек сұраудан ұялмаймын: елдімекен әкімшілігінен, КТІК, қамқоршылық және қорғаншылық Бөлімінен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциядан, мед.пункт, полициядан және т.б.-дан. Барлық ведомствоаралық қызметпен жақсы қарым-қатынаста болу керек)

5-кезең: жанұяның сәтсіз болу себебін анықтау; (сауалнама алу, әңгімелесу,

бақылау, жанұяның үйіне бару)

6-кезең: жанұя мүшелерінің ерекшелігін зерттеу; (тестілеу (мысалы: «Жанұялық социограмма»), әңгімелесу, бақылау және т.б.

7-кезең: жанұя картасын құру. (жанұя картасының бланкісі толтырылады, ол жерде жанұя туралы мәлімет көрсетіледі: туған күні, жанұялық жағдайы, мәртебесі, білімі, қайда жұмыс істейтіндігі және т.б.)

8-кезең: барлық қызықтыратын мекемелермен координаттық қызмет (білім беру мекемелері, мектепке дейінгі мекемелер. Әлеуметтік балалар мен жасөспірімдердің құқығын қалпына келтіру орталығы. Жанұяны қорғау орталығы, баспаналар, балалар үйі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция, комиссия және т.б.);

9-кезең: сәтсіз отбасылармен жұмыс бағдарламасын құру;

10-кезең: күнделікті жанұяларды аралау;

11-кезең: сәтсіз отбасылармен жұмыс қорытындысы туралы шешім.

 Балалардың сабаққа қатысуына қатаң бақылау жасау (таза болуы, ұйқылары қанған, көгерудің болмауы, көңілі жабырқаңқы немесе көтеріңкі, сабаққа дайындығы, таңертең сабаққа кешікпеуі)

Балалардыңүйірмелермен, секциялармен, мектепішілік және сыныптық іс-шаралармен, еңбек қызметіменқамтылуы.

Әсіресе каникул кезінде арнайы іс-шаралар жоспары құрылады, каникулдың алдында балаларды жоспармен таныстырады, жазғы демалыс кезіне арнайы тізім құрылады, өзіміз мектеп жанындағы лагерьге, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін «Робинзон»  сауықтыру лагеріне орналастырамыз, мектеп жанындағы учаскеде жұмыс істеулерін қадағалаймыз.

Тоқсан сайынғы үлгерім. Қосымша сабақтар

Тоқсан бойынша үлгерім. Қосымша сабақтар

Үйлердегі отбасыларын аралау. Ата-аналармен баланың жетістіктері мен қиыншылықтары туралы әңгіме жүргізу(қарым-қатынаста, немесе оқуда). Жалғыз бару – қауіпті, комиссия мүшелерімен бірлесіп бару керек. Менің алғашқы әлеуметтік-педагогикалық қызметімде пальтомның жағасынан алып, «лақтырып» жіберген кездер де болды.  

Телефон арқылы сөйлесу,ата-анаға шұғыл түрде айту керек болған жағдайда қоңырау шалуға болады, бірақ көп жағдайда емес. Себебі, бір педагог сабақ үстінде ата-анаға қоңырау шалып, сабақтан кейін бала қашып кетіп, полициямен бірге іздеген күндер де болды.

 

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен жұмыс.  Мен мүлде шешім шығара алмаған жағдайда жүгінетін жағдай деп есептеймін.

 

Не істелмей жатады: олармен көп нәрсе істегіміз келетіндіктен, балалармен жұмыс істеуге уақытымыз болмай жатады. Көп ата-аналар балаларының болашағы өздеріне байланысты екендігін түсінбейді, әсіресе ата-аналардың жас буыны. Түзету-құқығын қорғау жұмыстары қызметін тек әлеуметтік педагогтардың жұмысымен жақсартуға болады деген жаңсақтық болар. Сәтсіз отбасыларға көмек көрсету ұйымдардың бірігуі керек. Бұл білім беру Басқармасы, денсаулық сақтау Басқармасы, ішкі істер Басқармасы, КТІК, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспеция, жұмыспен қамту Орталығы, әлеуметтік-педагогикалық және құқық қорғау орталықтары және т.б. Мамандар: мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтар, дәрігерлер, инспекторлар, қосымша білім беру педагогтары және басқа да жұмыскерлер көмек көрсете алады және кім, қашан  қандай көмек көрсете алатындығы жөнінде анық келісілген кезде ғана сәтсіз отбасыларға көмек пен қолдау көрсете алады.

 Мамандар сәтсіз отбасыларын кешенді қолдау көрсетудің жалпы жоспарын құру керек, бір-бірін қайталамай, толықтырулары керек, нақты көмектер көрсетуі тиіс.  

Оқушының отбасымен мұғалімнің жұмысы отбасының қызығушылығына құрметпен қараған кезде жақсылыққа жетеді.