Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құрылтайшылық шарты

«Надежда Казахстана»

қоғамдық қорының

ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҚ ШАРТЫ

 

1.        ЖАЛПЫЕРЕЖЕЛЕР

 

 1.1  Қордың  жарғысындакөрсетiлгенмақсаттарменмiндеттергеқолжеткiзуҚорқызметiнiң мәнi болыптабылады.

    1.2 Қоркоммерциялық емесұйымболыптабылады, өзқызметiндеҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарыменосышартпенҚордыңжарғысындакөрсетiлгенқағидалардыбасшылыққаалады.

         1.3  Қордыңтолық атауы: «Надежда Казахстана» қоғамдық қоры.

         1.4 Қордыңзаңдымекенжайы:  Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қ, Черничная көш., 29.

1.5  Қор  шектеусiзмерзiмгеқұрылады.

 

2.ЗАҢДЫМӘРТЕБЕСI

2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен бастап Қор заңды тұлға болып табылады.

2.2. Қордың өз атауы қазақ және орыс тiлiнде жазылған дөңгелек мөрi, мөртабаны, есеп айырысу шоты және дербес балансы бар.

 

3. ҚЫЗМЕТТIҢ НЕГIЗГI  ПРИНЦИПТЕРI

3.1. Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңды және Қазақстан Республикасының аумағында күшi бар басқа да заңнамаларды, осы Құрылтайшылық шарт пен Қордың жарғысын басшылыққа алады.

3.2. Қор жарғыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыруға бағытталған өз қызметiнiң жоспарларын өзi дербес әзiрлейдi және бекiтедi.

3.3. Қор ерiктiлiк, өзiн-өзi басқару, заңдылық, қызметiнiң есептiлiгi мен жариялалығы негiзiнде құрылды және сол негiзде қызмет атқарады.

3.4. Қор өз балансына тiркелген мүлiктiң иесi болып табылады. Қордың мүлкi жеке меншiктiң құқықтық режимiне ие.

3.5. Қордың мүлкi ерiктi қайырымдылықтардан, демеушiлiк жарналардан, жарғылық қызмет бойынша iс-шараларды өткiзуден түскен түсiмдерден, Қазақстан                         Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден                      қалыптастырылады.

3.6. Қор құрылтайшыларының Қордың мүлкiне құқығы жоқ және оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал Қор өз құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

4. ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

 

4.1. Құрылтайшы мыналарға құқылы:

1)                    осы Шартпен және Жарғымен белгiленген тәртiпте Қор қызметiн басқаруға қатысуға;

2)                    Қор қызметi жөнiнде ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;

3)                    Қорға қатысуды тоқтатуға құқылы.

4.2. Құрылтайшылардың мiндеттерi:

1)                    құрылтайшылық құжаттардың талаптарын сақтау;

2)                    Қорға құрылтайшылық құжаттарда қарастырылған тәртiпте, мөлшерде,                   тәсiлдер арқылы және көрсетiлген мерзiмдерде оның дұрыс қызмет етуiне қажеттi мүлiктi беру;

3)                    Қорды басқарушы тұрақты жұмыс iстейтiн алқалық орган  –  Қамқоршылық кеңестi құру.

4)                    Қорды әділет органдарында мемлекеттік тіркеу, салықтық және статистикалық есепке қою үшін тең үлеспен қажетті сома қосу.

4.3. Құрылтайшылардың қолданылып жүрген заңнамада қарастырылған өзге құқықтары мен мiндеттерi болуы мүмкiн.

 

5. ҰЙЫМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМЫ

5.1. Қор Павлодар облысының  шегiнде қызмет атқаратын жергiлiктi ұйым болып табылады.

5.2. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қор Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгiленген тәртiпте өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары, өкiлдiктерi) аша алады.

5.3. Қорды басқару органдары:

Ең жоғарғы орган - Құрылтайшылардың жалпы жиналысы

Орындаушы орган –  Төрағасы
     Уәкiлдi орган -   Қамқоршылық кеңес
     Бақылаушы орган  –  Тексерушi(ревизор)болып табылады.

5.4. Жалпы жиналыс Қор қызметiнiң кез келген мәселесiн шешуге құқылы.

5.5.  Қор құрылтайшылары (уәкілетті өкілдері) жалпы жиналысының ерекше құзырлығына мына мәселелер жатады:

-        Қордың құрылтайшылық құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

-        Қорды ерікті түрде тарату және жою;

-        Қорды басқаратын атқарушы органдарының құзырлығы, ұйымдастырушылық құрылымы, құрылу тәртібі мен қызметін тоқытуды анықтау;

-       Қорды басқаратын атқарушы органдарының  қаржылық есептерді ұсыну тәртібі мен мерзімін анықтау;

        -   Қордың  Төрағасын сайлау және қызметiнен босату;

-       Қордың Тексерушiсiн сайлау және қызметiнен босату;

-       Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарын анықтау;

-       Қор қызметiнiң бағдарламасын бекiту;

-       Қордың Қамқоршылық кеңесiн сайлау;

-       Қордың Қамқоршылық кеңесiнiң жұмысы туралы есептер мен сметаларын бекiту.

-       жаңа заңды тұлғаларды құру туралы шешiм қабылдайды, Қор атынан заңды құжаттарға қол қояды;

-       Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тыс жерлерде бөлiмдер,  филиалдар мен өкiлдiктердi ашу туралы шешiм қабылдайды.

5.6 Құрылтайшылар жиналысы Қор қызметiне байланысты кез-келген мәселелерді шешуге құқылы.

5.7. Төраға Жалпы жиналысқа қатысушы құрылтайшылардың басым даусымен  5 (бес) жылға сайланады және мынадай қызметтер атқарады:

-       Қордың мүлкі және қаржысына өкім етеді;

-       Қор қызметкерлерінің жұмысын бақылайды, шарттар (келісім-шарттары), соның ішінде еңбек шарттарын жасайды;

-       Қордың атынан сенімхатсыз өзге жеке және заңды тұлғалармен, сот және өзге де мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайды;

-       Қордың есеп айырысу және валюталық шоттарын ашады;

-       қайта сенiмхат беру құқымен  сенiмхаттар бередi;

-       Қордың барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

-       штаттық  кестені бекiтедi;

-       Қор атынан еңбек ұжымымен шарттар жасайды.

5.8. Қордың Қамқоршылық кеңесiнiң құзырлығына мыналар жатады:

       - Қор қызметiнiң  Жарғылық мақсаттарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;

       - Қор бағдарламалары мен жобаларының басымды тұстарын анықтайды;

       - Қор Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жобаларын дайындайды, Құрылтайшылардың жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;

       - Қорды  қайта құру кезiнде комиссияны тағайындайды;

       - қызметкерлерге еңбек ақы беру ережесiн,  Қордың iшкi қызметiн реттейтiн басқа да нормативтi актiлердi қабылдайды,  еңбек ұжымымен келiсiм-шарттар жасайды,  қызметкерлердiң iшкi жұмыс тәртiбiн бекiтедi;

      - Қордың мақсатты бағдарламаларын бекiтедi;

      - Құрылтайшылардың жалпы жиналысының құзырлығына жатпайтын Қор қызметiнiң ағымдағы мәселелерін талқылайды;

      - Қор қызметкерлерінің штаттық  санын бекiтедi;

      - Қордың қаржылық қызметi туралы жыл сайынғы  есеп жобасын дайындауға қатысады.

5.9          Қамқоршылық кеңесi құрамын жыл сайын құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекiтедi.  Қамқоршылық кеңесiнiң құрамы  3 – 7 адамнан кем болмауы керек.

Қамқоршылық кеңесiнiң құзырлығына жататын мәселелер  Қор Төрағасының қарастырылуына берiлуi мүмкiн емес.

5.10         Қамқоршылық кеңесiнiң кезектi жиналысы жылына 3 реттен кем емес  Төрағаның қажеттiлiгiне байланысты шақырылады.

5.11        Қамқоршылық кеңесi Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң 50% астамы қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқылы.  Қордың Қамқоршылық кеңесiнiң  жиналысқа  қатысқан мүшелерiнiң жартысына астамы оған дауыс берген жағдайда ғана шешiм қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңесі Төрағасының даусы шешушi болып табылады.

5.12       Қамқоршылық кеңесiнiң әрбiр мүшесi шешiм қабылдаған жағдайда 1 дауысқа ие болады.

5.13       Қордың штаттық қызметкерлерi, Қор төрағасы Қамқоршылық кеңестiң мүшесi бола алмайды.

5.14        Төраға  мемлекеттiк және басқа ұйымдарда, сонымен қатар халықаралық ұйымдарда қордың өкілі болып қатысады.

5.15       Тексеруші Қордың жалпы жиналысымен тағайындалады.

5.16       Тексерушi  жиналысқа қатысушылардның бiрауызды шешiмi негiзiнде сайланады және босатылады.  Қордың тексерушісі  Жалпы жиналысқа есептi,  Қор жарғысының орындалуын және оның қаржылық-шаруашылық қызметiн бақылайды.

5.17       Тексеруші Жалпы жиналыстың бекiтуiне өз жұмысы туралы есептi ұсынады,  Қордың балансы мен жылдық есебi туралы қорытынды жасайды. 

6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

6.1. Құрылтайшылар Қор қызметiнiң барысында пайда болған кез келген дауларды конструктивтi талқылаулар мен келiссөздер жолымен шешуге барлық күштерiн салуға мiндеттенедi.

7. ОСЫ ШАРТТЫҢ МЕРЗIМI

7.1. Осы шарт мерзiмсiз болып табылады.

7.2. Қор өз қызметiн келесi жағдайларда:

-  Қор құрылтайшыларының шешiмi бойынша;

-  соттың шешiмi бойынша;

-  Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларда өз қызметiн тоқтата алады.

 

 

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1. Осы шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгертулер мен толықтырулар егер олар жазбаша түрде жасалса,оған қатысушылар немесе соған уәкiлеттi өкiлдер қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте әдiлет органдарында тiркелген сәттен бастап өз күшiне енедi. Құрылтайшылық шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенде, Қордың жарғысына да тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiледi.

8.2. Осы шарт оған құрылтайшылар қол қойған күннен және әдiлет органында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен бастап өз күшiне енедi.