Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп директорының жеке беті

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар !

       Біздің мектебіміздің сайтына қош келдіңіздер!

"Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі"КММ директоры

Камиева Бағлан Дүйсембекқызы

1994 жылы педагогикалық қызметін Павлодар облысы Қашыр ауданы №2 Песчан ЖОМ бастады.

1996 жылдан 2005 жылға дейін "А.Н.Ёлгин атындағы №1 Кашыр жалпы орта білім беру мектебі" ММ шет тілі мұғалімі және директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 – 2013 жж – "Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебі" ММ шет тілі мұғалімі және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

2013 жылдан 2015 жылға дейін "Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі" ММ шет тілі мұғалімі және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді

 2015 жылғы 28 тамыздан 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін – "Павлодар қаласының №30 Жалпы орта білім беретін мектебі"КММ шет тілі мұғалімі және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

2021 жылғы 1 қазаннан бастап – Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі" КММ басшысының м.а.

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап – Павлодар облысы білім басқармасының Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі" КММ басшысы.

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық және психологиялық білімнің жоғары деңгейіне ие, басқарушылық дағдыларды меңгерген тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог.

ҰБТ-ны сапалы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаттарымен, облыстық семинарларды сапалы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Павлодар облысының инновациялық даму және тәрбие орталығының алғыс хаттарымен, адал еңбегі және қаланың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар қаласының білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Өз жұмысы үшін алғысы бар.

Ол ашықтық, қарым-қатынас және ізгі ниет сияқты қасиеттерге ие. Мектеп мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналар арасында лайықты құрметке ие.

 

         Азаматтарды қабылдау кестесі:

         Күн сайын сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін

      

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

   1.1       Мектеп директоры тікелей білім беру бөлімі басшысына бағынады, қызметке тағайындалуы және босатылуы бөлім басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

1.2       Мектеп директоры тікелей білім беру бөлімінің басшысына бағынады және де оның бұйрықтары мен өкілдерін алады.

1.3     Директор өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім және отбасы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарын, нормативтік – құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, басшылыққа алады.     

1.4   Мектеп директоры лауазымына жоғары педагогикалық білімі бар, мектеп ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

2. МІНДЕТТЕРІ

2.1 Мекме жарғысына сәйкес білім беру ұйымының барлық қызметтеріне басшылық етеді.

2.2 Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып оқыту жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеп, бекітілуін ұйымдастырады.

2.3 Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

2.4 Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер құрамын қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

2.5 Әкімшілік аудандағы бекітілген жерде балалардың жалпы міндетті оқытылуларын қамтамасыз етеді.

2.6 Қоғамдық мұғалімдік (педагогикалық)ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметтеріне ықпал етеді, заңнамаға сәйкес қоғамдық, сондай- ақ балалар мен жастар ұйымдарының қызметін реттейді.

2.7 Балалардың тағамдануын ұйымдастыруға және медициналық қызмет көрсетілуіне, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға қажетті жағдайларды іске асырады.

2.8 Нормативтік талаптарға сәйкес оқу – материалдық базасының есебін,сақталуы мен толықтырылуын қамтамасыз етеді, санитарлық – гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен қауңпсіздік техникасы ережелерінің орындалуына жауап береді.

2.9  Әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.

2.10 Білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

2.11 Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды, білім беру ұйымдарында еңбегімен ерекшеленген мұғалімдер мен басқадай қызметкерлерді марапаттау мен наградаларға ұсынады, өз құзыретінің деңгейінде сөгіс жариялайды.

2.12 Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) қарым-қатынасты үйлестіреді.

3.ҚҰҚЫҒЫ

Мектеп директоры құқығы:

3.1 Өз лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар мен материалдарды бекітілген тәртіпте алып тұру.

3.2 Кеңестерге, талқылауларға қатысты және мектепке дейінгі білім мен тәрбие мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3.3 Өз кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру.

4.ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1 Мектеп директоры мыналарды бақылайды және жауапты болады:

- лауазымдық міндеттеріне қатысты бұйрықтардың, өкімдердің, тапсырмалардың, жоспарлардың уақытында және сапалы түрде орындалуына;

- білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асырылуына;

- тәрбие – білім беру үрдісі кезінде оқушылар мен қызметкерлердің өмірлеріне және денсаулықтарының қауңпсіздігіне, білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарына;

- мемлекеттік және еңбек тәртібінің бұзылуына;

- білім беру мекемесінің қаржылық және материалды – техникалық қорларын тиімді пайдалануына.

5. ҚОРЫТЫНДЫ

5.1 Мектеп директорының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Заңымын  айқындалады.

5.2 Жұмыс аптасының ұзақтығы 40 сағатты құрайды.

5.3 Осы лауазымдық нұсқаулыққа  Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысы бекіткен қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.