"Сыңғырлаған сазды күй" домбыра үйірмесі
Халқымыз ерте заманнан әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген. Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңылағы, ең әулеттісі де – халық өнері, яғни жылдар өтсе де мұқалмай сыны қашпай сақталып келе жатқан – халық қазынасы. Халық қазынасы, ол – домбыра. Халқымыздың ішкі жан-дүниесінің, арман мүддесінің, болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы. Бұл үйірменің жетекшісі: Кәден Талант.
Мектебімізде домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында домбыра үйірмеcі жұмыс істейді.