ТЕМИРБАЕВА ДИНАРА ДЮСЕНБИЕВНА
Туған күні:23.04.1980 ж.
Білімі:2003 ж. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы факультеті, басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2014 ж. – Инновациялық Еуразия университеті, «Филология» мамандығы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолы:2003-2008 жж. – Павлодар қаласының дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2008-2015 жж – Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
2016-2017 жж. – Астана қаласының «Республикалық физика-математика мектебі» АҚ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2017-2018 жж. – Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2018-2019 жж. – Астана қаласының «Alpamys school» ЖШС, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2019-2025 жж. – Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жалпы орта білім беру және тәрбие секторының меңгерушісі.
25.08.2025 ж. бастап – Павлодар қаласының Шапық Шөкин атындағы орта мектеп-гимназиясы КММ директоры.
Марапаттары: ҚР «Үздік педагог» атағы және төсбелгісі (2014 ж.) ҚР БҒМ Құрмет грамоталары.

Құрметті келушілер!
Сіздерге біздің мектеп немесе №9 гимназия-мектебі сайты беттеріне қош келдіңіздер деймін.Бұл біздің гимназия –мектебіміздің жұмысы қызықтыратыны, оған немқұрайлы емес екендеріңізді білдіреді. Сайт беттеріне орналастырылған мәліметтер сіздерге мектеп бөлімшелері жұмысы, оның көрсететін қызметтері туралы қосымша, нақтылы ақпарат алуға көмектеседі. Сіздер маған жеке ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ бетіне сұрақ қоюларыңызға болады. Қазақстан Республикасының «Азаматтар құқығын қорғау, жеке өміріне қол сұқпау туралы» Заңы негізінде (2009 ж. 26.12.) жеке адамның өмірі туралы,оның жеке және отбасы құпиясы туралы, азаматтардың құқығына және заңды мүддесіне нұсқан келтіретін мәліметтерді оның келісімісіз, ел алдында сөйлеуге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуге тыйым салынатынын ескеруді өтінемін. Сондай-ақ иесі көрсетілмеген арыздар қарауға жатпайды (авторының кім екенін анықтауға болмайтын жағдайда). Жоғарыда баяндалған шарт жағдайында, мұндай арыздар орналастыру құқығынсыз алынып тасталады. Құрметті келушілер! Сіздерді қобалжытатын сұрақтарды, күрделі мәселелерді конструктивті және дұрыс баяндаңыз.
