Телефон доверия
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас Ұлан

«Жас Ұлан» БҰ-ның мектеп комитетінің құрылымы:

1. Ұланбасы
2. Төрағалары:
- мәдени-тәрбие  бөлімі,          
- СӨС бөлімі,        
- сырт байланыс бөлімі,  
- ақпарат бөлімі,                                                  
- ғылым бөлімі,
- мектеп  омбудсмені.

ЕРЕЖЕ

Мектеп «Жас Ұлан» балалар мен жастар ұйымының жұмысы туралы 
( «Жас Ұлан»мектеп комитеті).

I. Жалпы ереже

1.1.   «Жас Ұлан» мектеп балалар мен жастар ұйымы , мектеп  комитеті(бұдан әрі мәтін бойынша  – «Жас Ұлан»болып аталатын) – № 9 ЖОББГМ  мектеп оқушыларының қоғамдық бірлестігі.
1.2.   «Жас Ұлан»мектеп  комитеті  өз жұмысын Павлодар қ. № 9 ЖОББГМ негізінде  жүзеге асырады, шығармашылық, спорт, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланысты жұмыс істейді.
1.3.   «Жас Ұлан»мектеп  комитеті — өскелең жастарды жоғары адамдық-рухани  құндылықтар,толеранттық қағидалары, демократизм мен өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм  рухында қалыптастыратын ұйым.
1.4.   «Жас Ұлан» өз жұмысында Қазақстан Конституциясын, Казақстан Республикасы заңнамасын және ҚР басқа   иными нормативтік құқықтық актілерін, закон ҚР «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын, шешімін, ережелерін,«Жас Ұлан» РБЖҰ Жарғыларын  басшылыққа алады.
1.5. «Жас Ұлан»мектеп  комитетінің оқушылардың  басқарысу мен өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы   – көшбасшылар кеңесі бар, оны мектеп оқушылары арасында сайланған Ұланбасы басқарады..

ІІ. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ және ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1.   «Жас Ұлан » мақсаты:
 - жас өспірімдерді қазақстан халқына,мәдениетіне,толеранттық пен достастыру  дәстүрлеріне  деген сүйіспеншілігі мен берілгендігі,білімге деген ұмтылыс,өзін-өзі жетілдіру,жоғары жауапкершілік пен Отанының тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына ортақтастық сезімі негізінде өз Отанының патриоттары рухында тәрбиелеу.

2.2.Міндеттері «Жас Ұлан»:
- жас өспірімдердің рухани мүмкіндіктерін тарих, Қазақстан халқының мәдениеті мен тілдері  білімі негізінде қалыптастыру;
- оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру,танымдық әрекетін ынталандыру, балалардың жан-жақты және әлеуметтік бастамаларын дамыту шығармашылық мүмкіндігін  дамыту;
- мектептің  педагогикалық үдерісінің тәрбиелік мүмкіндігін күшейту;
- өзара әрекетті арттыру және әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық құрамдармен, үкіметтік емес  ұйымдармен  ұйымның мүшелерінің  тәрбиесі мен азаматтық қалыптасу мүддесі үшін   әлеуметтік серіктестікті нығайту;      
- балалар ұйымының дәрежесі мен абыройын,мектеп өмірінде балалардың әлеуметтік бастамаларын  көтеру;
- оқушылардың шығармашылық пен басқарушылық қасиеттерін мектепті басқарушыластыққа қатыстыру арқылы  дамыту;
- оқушылардың оның оқитын оқу орнына деген мақтанышын тәрбиелеу, мектеп өмінінің дәстүрлерін қалыптастыру;
- Ереженің орындалуын қадағалау;
- әлеуметтік,экономикалық,мәдениеттік мәселелерді шешу және оны шешу бағдарламаларын жасау;
- оқушылар арасында  ғылыми- зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және олардың ғылыми мүмкіндігін дамытуға қатысу;
-  талантты оқушыларды марапаттау ұсынысын алға тарту;
- оқушылар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау;
-оқушылардың бос уақытын  мазмұнды да  пайдалы ұйымдастыру.

  •  

2.3 «Жас Ұлан» келесі  функцияларды орындайды:
- тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға, мектеп оқушыларының азаматтық позициясын  қалыптастыруға  ықпал жасау;
- оқушылардың әлеуметтік- маңызды  бастамаларын қолдау;

-мектеп оқушыларының әлеуметтік  мол тәжірибесінің молайуы мен дамуы;
-  БҰҰ балалар құқығы туралы Конвенциясына, ҚР қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау;
-мектеп өмірінде  ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасын үйлестіру.

2.4 «Жас Ұлан» жұмыс қағыдалары:
- жұмыстың отансүйгіштік, демократиялық, толеранттықжәнеадамгершілік-рухани  бағыттылығы;
- жалпы адамгершілік құндылықтар мен ұлттық сезім басымшылығы;
- тұлғалық бағдар  (барлық жұмысты іске асыруда баланың жеке  ерекшелігін ескеру);
- мүше болу еріктілігі және мектеп пен  ұйым  өміріне қатысу құқығы;
- әр оқушының мүле болуға қол жетімділігі;
-  мектептің «Жас Қыран»,  «Жас Ұлан»комитеттерінің  кіші және жоғары құрылымдарының сабақтастығы мен бірлігі;
- единство педагогтер мен тәрбиеленушілердің ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы бірлігі;
- ынталылық, өзін -өзі басқарушылық,ұйымның және оның мүшелерінің құқықтығы , джауапкершілігі;
-шығармашылық ахуалда өзін -өзі іске асыру;
- ұйымның,мектептің,отбасының және қоғамдастықтың достығы;
- Ұйым жұмысының жүйелілігі.

III. Мүшелікке  ену және жоғалту  шарттары мен тәртібі

3.1  6-10 жас аралығындағы, 11жастан 16 жасқа дейін өз еркімен мүшесі болғысы келетін, «Жас Ұлан» Жарғысын және Ережесін мойындайтын және оны кіршіксіз орындайтын,ұйымның дамуына өз үлесін қосуға дайын, тәртіпті және оқуда үлгеруші  оқушылар   «Жас Ұлан» мүшесі бола алады.
3.2  6 жасқа толған әрбір оқушы ерікті түрде ұйым мүшесі бола алады.
3.2.1.Мектептің өзін-өзі басқару өміріне қатысатын барлық оқушылар ұйымның мүшесі бола алады.
3.3. «Жас Ұлан»мүшелерін    комитет  мүшелерін қабылдайды.
3.4 .«Жас Ұлан»-нан шығарда  оқушы жазбаша түрде өтініш береді.

IV. «ЖАС  ҰЛАН» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

4.1. «Жас Ұлан»  мүшелері құқықты:
-  «Жас Ұлан» жұмысына белсенді қатысуға;
-  «Жас Ұлан» басқару органдары құрамына  өз деңгейінде сайлануыға мен сайлауға;
- «Жас Ұлан» қызметінің бағдарламасын іске асыруда, табысы мен жетістіктері үшін және өзінің жеке жетістіктері үшін мадақтау, қолдау  алуға;
-  «Жас Ұлан» органдарына өтінішпен, өтінумен, сұрақтармен, ұстыныстармен, ынта білдірумен жүгінуге;
- ұйымның жұмысы туралы  барлық деңгейлерде ақпаратқа қол жеткізуге;
-  «Жас Ұлан»құрамынан  келесі жағдайларда : жасына қарай, өз еркімен шығуға.

4.2.  «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
-  «Жас Ұлан»көшбасшылары комитетінің Жарғысын, шешімдерін орындау;
- «Жас Ұлан»ұйымынынң  мақсаттары мен міндеттерін  іске асыруға қолдау жасау;
-  «Жас Ұлан»-ды, оның жұмысының тиімділігі мен сапасын дамытуға қолдау көрсету;
- Қазақстан республикасының  мемлекеттік рәміздерін құрметтеу (туын, елтаңбасын, әнұранын), өзінің Отан қорғау борышын сезіну;
-  «Жас Ұлан»басқа мүшелерінің құқығын қабылдау және мүддесін құрметтеу;
-  «Жас Ұлан»-ның мақсатттары мен міндеттерін  іске асыруға қатысу, жеке (дербес) және ұжымдық  (қоғамдық) тапсырмаларды орындау;
- оқуда, қоғам жұмыстарында, еңбекте үлгі көрсету, қоғам меншігін сақтау, тәртіп мәдениетінің үлгісі болу;
- салауатты өмір салтын ұстау, оны өзі құрдастары арасында насихаттау, дөрекі қылықтардан, шылым шегуден,есірткілерді  қолданудан аулақ болу;
- ата-аналарды,достарын, мұғалімдерді және барлық ересек адамдарды құрметтеу,қоғамды ізгілендіруге өз үлесін қосу.

V. Мадақтау және жазалау

5.1. Мектептің үздік жасұланшылары кездесулерде мол тәжірибе алады,өз құрдастарымен қарым-қатынас кезінде мол тәжірибе алып, өзін командалық рухта тәрбиелейді.
5.2. Үздік жасұланшылар тренингтерге, семинарларға және еліміздің ең жақсы лагерьлерінде көшбасы сабақтарына қатысуға мүмкіндік алады.
5.3.   «ЖасҰлан» Жарғысын бұзған,  қатаң құқық бұзушы  ұйым мүшелеріне келесі жаза түрлері қолданылады: жалпы жиналыста талқылау, ескерту жасау, ұялту, сөгіс беру , берілген тапсырмадан шеттету, шығаруды ерскерту. Жазаның соңғы шарасы -  ұйымнан шығару.
5.4. Ұйымнан шығару  мәселесі ұйымнын жалпы жиналысында шешіледі.Шығару шешімі жасұланшылардың үштен екі бөлігінен кем емес жиналысқа қатысушылары  дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі және «Жас ұлан» жиналысында бекітілгеннен кейін күшіне енеді. 

  •