Телефон доверия
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қамқоршылық кеңесінің өкілеттілігі

Білім беру ұйымының  қамқоршылық кеңесі:

1.білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің  құқықтарының  сақталуына, сонымен қатар білім беру ұйымына  түсетін  қамқорлық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жасайды;

2. білім беру ұйымының жарғысына  өзгертулер , не толықтырулар енгізу  туралы  ұсыныстар  шығарады;

3.  білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары  бойынша ұсыныстар шығарады;

4.жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  казақстандық отбасыларына  орналастыру  мәселелері  жөнінде шараларды жетілдіру  бойынша ұсыныстар шығарады;

5. білім беру ұйымына  қамқоршылық көмек түрінде түскен қаржыларды бөлуге  қатысады және оның мақсатты  жұмсалуы туралы  шешім қабылдайды;

6. білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар шығарады;

7. білім беру ұйымының жұмысында  Қамқоршылық кеңеспен анықталған кемшіліктерді  жою туралы  білім берудің  сәйкес саласына ,не атқарушы  органға  ұсыныстар енгізеді.  

8. білім беру ұйымының басшыларының  білім беру ұйымының жұмысы  туралы , соның ішінде сапалы  білім беру қызметін көрсету  туралы, қамқорлық көмектің жұмсалуы туралы  есебін тыңдайды  және  жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  казақстандық отбасыларына  орналастыру бойынша шаралар қабылдайды ;

9. білім беру ұйымының жұмыс  мәселелері бойынша  конференцияларға, кеңестерге, семинарларға  қатысады.

10.білім беру ұйымының жұмысымен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымында жасалған жағдайлармен  танысады,  олармен білім беру ұйымы психологінің қатысуымен   әңгімелесу өткізеді ;

Білім беру ұйымының (құрылымдық бөлімшелерінің) қызметкерлері  Қамқоршылық кеңесінің  құзыретіне  қатысты сұрақтар бойынша  ақпарат беруге  қолдау  жасайды