Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаз 2018

   Алты жыл бойы Балалар техникалық мектебінде «Шеберлер қаласы» атты  жазғы лагерь өз есіктерін балалар үшін ашып жатыр. Осында қыздар мен ұлдар өздерінің шығармашылық қиялдарын жүзеге асырыды. Оларға шығырмашылықтарында жоғары деңгейлі қосымша білім беру педагогтары көмектеседі.

   Жазғы лагерь жұмысына мектеп педагогтары, тәрбиеленушілері және мектеп оқушылары қатысады. Қатысатын балалар жасы 7-ден 16-ға дейін . 

   «Шеберлер қаласы» атты профильдік лагерь – бұл арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік кеңістік. Оның басты мақсаты – балаларды шығармашылық барысына қатыстыру. Жазғы демалыс жүйесінің тәрбиелік құндылығы - профильдік лагерь балалардың бос уақыттары пайдалы,  орынды, эмоционалды тартымды болуға жағдай жасайды. Лагерь мақсаты-  жаз мезгілінде балардың демалысын ұйымдастыру және оларды сауықтыру үшін  белсенді, шығармашылық білімді орта  жасау және балалардың техникалық, сәндік-қолданбалық шығармашылыққа қызығушылықтарын ояту. Негізгі идеясы- «Шеберлер қаласы» профильдік лагерьдің жұмысын ұйымдастырғанда кешенді тәсіл және техникалық шығармашылық пен сәндік-қолданбалы өнердің әр түрлі түрлерінің интеграциясы.

Лагерь бағыттары мен жұмыс түрлері:

1.     Спорттық-техникалық

2.     Көркемді-эстетикалық

 Профильдік отрядтар:

Спорттық-техникалық:

1.     «Автотехника»шеберханасы, жетекшілері: О.А. Зозуля, Р.В. Маричев

2.     «Лайнер» шебнрханасы, жетекшісі: М.П.Ерёменко.

Көркемді-эстетикалық:

3.     «Фантазия» шеберханасы, жетекшісі: А.Ж. Каримова

4.     «Радуга» студиясы (қағазбен жұмыс), жетекшісі: З.Т.Макеева

5.     «Сувенир» студиясы (терімен, табиғи материалдармен жұмыс), жетекшісі: В.М.Томм

6.     «Флора»студиясы (маржаннан тоқу), жетекшісі: И.О.Зозуля

 Лагерьдің жұмысы негізінде перспективалы-озыңқы оқыту инновациялық технологиясы. Оның негізгі концептуалды негіздері – жеке тұлғамен тіл табу, табысқа тырысу, әр тапсырманың қолжетімділігі, білетін бала арқылы білмейтін баланы үйрету.

  Күн сайын мектепте өткізілетін топсеруенге келетін балалар мектеп жұмысымен танысып, өздеріне керекті мәлімет алады.