Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" 2025-2026

Балалар техникалық мектебі командасының

 «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам»

республикалық инновациялық идеялар конкурсына қатысу нәтижелері

 

      КММ «Балалар техникалық мектебінің» оқушылары жыл сайын «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсына белсенді түрде қатысады. Аталған конкурс оқушылардың зерттеу және өнертапқыштық қызметін дамытуға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, сондай-ақ ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

   Конкурс барысында қатысушылар әртүрлі техникалық бағыттар бойынша өз жобалары мен модельдерін ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және практикалық дағдыларын көрсетеді.

         Конкурстың облыстық және республикалық кезеңдерінің қорытындысы бойынша мектеп оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Кудрявцев Кирилл «Авиация саласындағы модельдер» номинациясы бойынша облыстық және республикалық кезеңдерде 1-орын иеленді. Кусамин Кирилл облыстық кезеңде «Құрылыс саласындағы модельдер» номинациясы бойынша 2-орын алды. Мехновцев Шамиль облыстық кезеңде «Су көлігі саласындағы модельдер» номинациясы бойынша 1-орын иеленді.

     Осындай конкурстарға қатысу оқушылардың инженерлік ойлауын, шығармашылық әлеуетін және болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.