Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Мемлекеттік қызмет туралы ереже
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығына
қосымша
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидасы" "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдарына және жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) құжат қабылдаудың тәртібін анықтайды.
      2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жүзінде немеесе жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптарды тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға қосымшаға сәйкес баяндалған.
           4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді және негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қолхат рәсімдейді.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттары және баланың туу туралы куәлігі ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жіберуі өтінішті қабылдаған күннен бастап курьер арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      4-1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушылардың қабылданған өтініштерін берілген күні мен уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен тіркейді.
      5. Балалар музыка, балалар көркем мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау оқуға қабылдау туралы өтінішті ресімдеу тәртібімен жүзеге асырылады.
      Балалар музыкалық, балалар көркем мектептеріне, балалар өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
      Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі түрлері (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.
           5-1. Бос орындар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушілерді хабардар ету бойынша күнтізбелік жыл ішінде қосымша қабылдау осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға өтінішті алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.
           5-2. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады. Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:
      1) қосымша білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;
      2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңі туралы ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.
      6-1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкес жаңартады және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
           7. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
 
 
  "Балаларға қосымша білім
беру бойынша қосымша
білім беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
көрсету қағидаларына
қосымша
      
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жүзінде немесе жергілікті атқарушы органдардың, Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Балаларға арналған музыкалық, балалар көркемсурет мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, оларға қосымша білім беру жөніндегі қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау Бос орындар болған кезде жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап-1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Балалардың музыкалық, балалар көркемсурет мектептеріне және балалар өнер мектептеріне, көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру осы негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға және қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде немесе дәлелді бас тарту.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Ақылы / Тегін.
Балаларға қосымша білім бергені үшін ақы төлеу оларды ақылы негізде қосымша білім беретін ұйымдарға қабылдау фактісі бойынша жүргізіледі.
7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі 1)Көрсетілетін қызметті берушінің:
көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін; Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация:
дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа;
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады; Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1)ата-аналардың бірінің (немесе өзге де заңды өкілдердің) негізгі талаптарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің)біреуінің жеке басын куәландыратын құжат және баланың туу туралы куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген № 027/е нысан бойынша Медициналық анықтама № ҚР ДСМ-175/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4) негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.
Ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) біреуінің, баланың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
10 Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 арқылы алу мүмкіндігі бар.