Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Птичий перезвон" атты IX Республикалық экологиялық балалар суреттерінің сайыс-фестивалі.

"Птичий перезвон" атты IX Республикалық экологиялық  балалар суреттерінің сайыс-фестивалі.

 2019 жылы 29 наурызда Ақсу қаласы Өнер Мектебінде "Птичий перезвон" атты IX Республикалық экологиялық  балалар суреттерінің сайыс-фестивалінің  жеңімпаздарын марапаттады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты: оқушыларды өлкеміздің табиғи байлықтарына ұқыпты қарауға, Халықаралық құстар күнін дәріптеу, құстар туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалау критерийлері: орындау техникасы, жаңашылдығы мен өзектілігі, таңдалған тақырыптың жарықтандыру толықтығы, бейнелілік, ерекшелігі.

   Осы конкурсқа "Жігер " БЖК" "Балшуақ" бөлімшесінің атынан 8 сурет "PavLigne" дизайн студиясында (жетекшісі: Серенькова Анастасия Николаевна) және 1 сурет "Болашақ" үйірмесінен  (жетекшісі: Сабитова Бибігүл Төлегенқызы) қатысты. Оның ішінде конкурс-фестивалінің жүлдегерлері атанғандар: 1 орын - Богданова Ульяна, 8 жаста (" Мои друзья совушки " суреті) және 3 - орын Алибекова Зухра, 11 жаста («Көктем» суреті) –"PavLigne" дизайн студиясының тәрбиеленушілері. Ынталандыру сыйлығымен  " Болашақ" үйірмесінің тәрбиеленушісі Иванюк Анастасия, 8 жаста («Радужные попугайчики» суреті) марапатталып,  байқау дипломанты атанды.  

Ақсу қ. Өнер мектебінің Шығармашылық студиялары  өз қаласының авторлық логотипін  салу бойынша мастер-класстар өткізді, Қазақстанның түрлі қалаларының (Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс, Павлодар облысы) келген шығармашылық ұжымдардың, Балалар көркемөнер мектептерінің арасында көңілді достық атмосферасы,  өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу жүріп жатты.  Мереке марапаттау және концерттік бағдарлама кезінде көтеріңкі көңіл күйде болды.  Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!