PISA ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2012 жылғы 18 сәуір күні біздің мектеп оқушылары PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық зерттеуіне қатысады – осы бағдарламаны Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың халықаралық ұйымы ұйымдастырады ОЭСР (OECD -Organisation for Economic Co-operation and Development).
PISA зерттеуінің келесі ерекшеліктері бар:
- Бұл білім беру саласындағы ең ірі халықаралық зерттеулерінің бірі;
- Зерттеуге 15-жасты оқушылар қатысады;
- Зерттеуде оқушылар есейген өмірге қаншалықты дайын екендігі бағаланады;
- Зерттеуде оқу, математика және жаратылыстану саласындағы оқушылардың білім жетістіктері бағаланады.
