Құрметті достар!
2012 жылғы қазан айында біздің метеп 50 жылға толады. Бұл аз ба әлде көп пе? Халық немесе ел тарихы көлемінде бұл, мүмкін, бір сәт болып көрінер. Бірақ адам өмірінің көлемінде бұл сан едәуір: қамсыз балалық шақ пен жастық шақ артта қалып, адам дамып, өзін-өзі белсенді жүзеге асыруда.
Мектеп – таң ғажайып орын. Біздің оқушылар арқылы ол әрқашан жас, әрдайым өмірге толы. Балалар және олардың ата-аналары, мұғалімдер және әкімшілер – біз әрқашан алға басып жүреміз, әрдайым дамуға тырысамыз. Бірақ өткенді де ұмытпау керек. Мектептің бірінші түлектері арасында әжелер мен аталар бар. Мұғалімдер есінде парта алдында отырғандардың көбі енді өз балаларын әкеліп отыр немесе түлектердің мақтан тұтынған ата-аналары болып табылады.
Біздің мектепті есте сақтап жүргендер және оны сүйгендер!