Мектеп жарғысынан үзінді:
Мектеп формасы
Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы:
Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті кию үшін ашық көгілдір түсті жейде (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка)
Қыздарға арналған мектеп формасының жиынтығы:
Пиджак, жилет, шалбар, офис түріндегі ақ және ашық көгілдір түсті классикалық блузка, (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка, сарафан), тақасы 3см-ден аспайтын туфли.
ҚАУІПСІЗДІК ЖАДЫНАМАСЫ
– Өз үйіңнен, аулаңнан алысқа кетпе.
– Көшеде бөтен адамдардан ештеңе алма. Кетіп қал.
– Қараңғы түскенше далада жүрме.
– Таныс емес жасөспірімдердің жанына барма.
– Адам жүрмейтін жерлерде, жыраларда, бос қалған жерлерде, құлап жатқан үйлердің жанында, қора маңында, шатырдың астында, үй асты жерлерде жүрме.
– Ұзақ сапарға жалғыз шықпа.
– Бөтен адамдармен бірге подъездге, лифтке кірме. Атап өту керек, кейбір кезде қылмысты таныс адамдар да жасап жатады. (Мысалы мейірімді, жуас Ваня аға көршіңіз маньяк болып шығуы мүмкін).
– Танымайтын адамдарға есік ашпа.
– Алдын ала қауіпті дабылдары туралы көршілеріңмен келісіп ал.
– Бөтен машинаға отырма.
– Бөтен адамдардың ұсыныстарына «ЖОҚ!» деп жауап беріп, тез арада адамдар жүретін жерге бар.
– Көшеде, көлікте, подъезде адамдарды көмекке шақыруға ұялма.
– Қауіпті уақытта сені ұстап, саған күш қолданған жағдайда айқайла, оның қолынан босануға әрекет жаса, қашып құтыл.