Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған 10 кеңес

 

Жасөспірімдік  жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды.Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін   талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі  ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін. 

1 кеңес

•Егер ұятқа  қалғыңыз келмесе осы бағалауға  ертерек дайындалыңыз.  Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы - өзара түсінушілік.  Оны орнату үшін  сіздер  ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз.

2 кеңес

• Балада  өзіне, өз күшіне  сенушілікті қолдаңыз, белгілі  кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз. 

3 кеңес

•Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі,  олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру  әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді.

4 кеңес

• Сіздің балаңыз мықты және  дені сау болғанын қалайсыз ба?

• Онда өзіңіз біліп, баланы  өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы  білім негіздеріне  үйретіңіз.

5 кеңес

• Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды  сақтаңдар, онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға үйреніңіз.

6 кеңес

• Аптасына  қанша уақыт сіздер  өз балаларыңызбен өткізесіз? – Аптасына 1,5  сағат?!Оқудан және  сабаққа дайындалудан бос уақытта  сіздің балаңыз немен  айналысатынын  міндетті түрде ойлаңыз.

7 кеңес

• Үлкендердің балалармен  кейбір тақырыптарға  сөйлегісі келмейтіні баланы осы тақырыптар тыйым салынған деген ойға келдіреді. Жалтармалы немесе бұрмалаған ақпарат балаларда  негізсіз  алаңдауды  туғыздырады.

8 кеңес

• Жасөспірімдерді отбасыдағы  психологиялық та (қайғылы оқиға болса да,  біреудің ауырғаны немесе  өмірден кетуі – бұл адамды  шынықтырады және оны сезгіш қылады), материалдық та (жағдайдан шығу амалын табуға үйретеді) проблемалардан артығынан  қоршамаңдар.

9 кеңес

•Егер сіздер тәрбиелуде қателер жасауды үлгірсеңіз, сіздерге  жолдың басына қарағанда қиынырақ болады. Бірақ егер сіз өз тәрбиеленушіңізде   тек бір тамшы жақсыны көрсеңіз  және келесіде тәрбиелеу үрдісінде  осыған сүйінсеңіз, онда  балаңызбен  тіл табысып,  жақсы нәтижелерге жетесіз.

10 кеңес

• Егер сіздікі дұрыс емес болғанын, бір  маңызды мәселелерде  ұлыңыздың немесе қызыңыздың  пікірін  таңдамағыныңызды түсінсеңіз, алдымен өз алдыңызда, ал сосын баланың алдында оны мойындауға қорықпаңыз.