Сенім телефоны
601920
email: scool26@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда3056844
Бір айда315565
Бір аптада61726
Кеше16118
Тәулік500
Мектептік шамадан тыс оқу: оқушыларға және олардың ата-аналарына кеңестер

 

Мектептік шамадан тыс оқу:

оқушыларға және олардың ата-аналарына кеңестер

Қазіргі прогресс дамығаны соншалықты, оқушылардың, жоғары сыныптар оқушыларының ғана емес, жұмыс күні ересек адам күнінің  ұзақтығындай болуда. Бірінші ауысым әдетте сағат 8-де басталады, 6 сабақ  сағат 14 шамасында  аяқталады, түскі астан кейін  оқушылардың көбінде екінші ауысым басталады – мектептік факультативтер, музыкалық және сурет салу  мектептеріндегі, спорттық секциялардағы және қызығушылық бойынша  үйірмелердегі сабақтар...

Қысқаша айытқанда, оқушы  жұмысқа бара жатқан үлкендермен бірге мектепке шығып, үйге сағат 17 кейін  олармен бірге сай келуі мүмкін. Бірақ ата-аналарға қарағанда оқушы  кешкі астан кейін  үстел алдына отырып, үй тапсырмаларын орындау керек.Бұл аптасына 5 күн бойы болмауы да мүмкін, дегенмен бұл оларға ауыр.Сабақтар артында қалыпты балалық шақ көрінбейді: ауладағы ойындарға және әзілдерге  аз уақыт қалады, кітаптар оқуға күш жетпейді,  шаршаған көздері мен есі тек теледидарды қарауға жетеді...

Сонымен қатар мектептегі шамадан тыс оқу ата-аналарға да қатысты. Балалардың денсаулығын ойлаумен ғана емес, күн сайынғы үй тапсырмаларымен де.  Ересек адамдар  8 сағаттық жұмыс күнінен кейін үйге қайтады және кешкі астан кейін дем алудың орнына сүйікті балаға сабақтар  дайындауға көмектесу керек болып шығады. Оқушылардың ата-аналары жақсы біледі:  бұл оңай жұмыс емес. Әрине бұны барлығы емес, бірақ көбі жасайды.

Осы жағдайда қандай кеңес беруге болады?Мектептегі үй тапсырмаларын азайту  бойынша  радикалды кеңестер мұғалімдерге екіталай ұнауға мүмкін, ал шығармашылық қабілеттіктерді  дамытатын қызығушылықтар бойынша  сабақтарға балалардың бармауына ата-аналар келіспейді.

Салауатты өмір салты әдет болу керек.Балаларды сөйлеуге, оқуға, жазуға және есептеуге  үйреткендей, мектепке барар алдында оларды салауатты өмір салтына үйрету керек.

Отбасыдағы өзара  түсінушілік ортасы және ата-аналардың мектептік  әдеттерден бас тартуы өте маңызды.

Біріншіден  жеткілікті ұйқыны қамтамасыз ету керек.Бастауыш мектеп оқушылары 10 сағаттан кем емес, ал жоғары сыныптар оқушылары 7-8 сағаттан кем емес ұйықтау керек.  Жоғары сыныптар оқушылары арасында жиі таралған үнемі дерлік  жеткілікті ұйықтамауы  невроздарға әкеледі.  Мындай  күйді  біз медіктер  оқушыларда 9-шы сыныптан бастап  байқаймыз.

Нәрлі тамақтану.Шамадан тыс оқу нәтижесінде балаларда екі күй байқалады. Кейбіреулерде  артериалды қысымы  жоғарланып,  басы ауырады және шамадан тыс қозғыштық пайда болады.Осындай балаларға  магний және калий бар  азық-түліктері ұсынылады.Бұл жармалар, ірі бұршақтар,  көкөністер, сәбіздер, алмалар, кептірілген өріктер және қара өріктер.   Рационнан ащы тағамдар, қою шай, кофе және шоколадты алып тастау керек. Ал артериалды қысымы төмендейтін  балаларда әлсіздік және күшсіздік пайда болады, кальций бар  азық-түлікті: сүттен жасалған  өнімдер, ірімшік, сүзбе, балықты жеу керек.

Гиподинамиямен күресу. Оқушы таза ауада күн сайын  серуендеу керек, сонымен бірге  қозғалмалы жаттығуларды және шынығу рәсімін қажет етеді. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарын  сылтауламау  керек: олар қажетті қозғалыстың тек 10-11% құрайды, ал балаға сонымен қатар таңертеңгі гимнастика,  спортпен шұғылдану,  билер және басқасы керек.  Сонымен қатар  қозғалыс – бұл стресспен қүрес.

Психоэмоционалдық шиеленіс. Оқушыларда  жоғары сыныптарда да және бастауыш сыныптарда да байқалады.Бұл мінезіне де байланысты: біреуі байсалды, ал басқасы әсерленгіш.Су рәсімдері стрессті жақсы түсіреді.Егер оқушы  аптасына екі рет бассейнге бара алса жақсы болар еді. Бірақ егер осындай мүмкіндігі болмаса, онда өз ваннасымен және душымен пайдалану керек.Контраст душын алуға уақыт жоқ деген сөзге сенбеймін. Ыстық және суық суды алмастыру  тек 4 минут жалғасады!Дегенмен бұл қан айналымын  күшейтеді, белсенді заттардың шығуына себепші болады, олар стресс жағдайларымен күресуге көмектеседі.Бала мектептен шаршаған және ашулы түрде келген кезде контраст душын алу ең қолайлы.Бұл бойын сергітеді.Босаңсу үшін оқушыларға ұйықтар алдында қылқан жапырақ-тұзды, хлоридті ваннаны ұсыныңдар.Түсінікті емес айтылғанмен, бұл  суға кәдімгі тұзды қосуды білдіреді.Егер уақыт болса шөп немесе қылқан жапырақ қайнатпасын дайыңдаңдар.Музыкотерапия – бұл оңай және тиімді.

Дәрумен-минералды кешендер.Микроэлементтер оқушыға стресспен күресуге көмектеседі.Бірақ  дәріханада  дәрумендер және минералдар кешенін дәрігердің ұсынымы бойынша алған дұрыс.Пайдалы азық-түліктерді де  жеуге болады.Мысалы, көзге қаражидекті. Немесе  бал, ол шаршағандықты түсіреді,  жүйке жүйесін жайландырады, ұйқыны реттейді.