Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өз балаңызбен қарым-қатынасты бұзудың 5 тәсілі

 

1.  Бұйырыңдар және басқарыңдар!

«Дәл қазір қой!», «Тез барлығын жина!», «Аузыңды жап,  осындайыңды тағы да естімейін!».Осы сөздерде  бала  оның проблемаларын тыңдағысы келмейтінін, оның  дербестілігіне  құрмет көрсетпеуін сезінеді.  Әдетінше жауап ретінде балалар қарсылық көсетеді, «бұрқылдайды»,  ренжиді, қыңырлық көрсетеді.

 

2. Қорқытыңдар!

 

 «Байқа, одан әрі жаман болуы мүмкін», «Тағы да қайталанса, қайыс белдігімді аламын», «Уақытында келмесең, өзіңнен көр».Егер бала уайымдап жүріп, жағымсыз жағдайда болса, қорқытулар пайдасыз. Олар оны одан да күйзеліс жағдайға ұшыратады.  Қорқытулар, ескертулер жиі болғанда  балалар оған үйреніп,  оларды  тыңдамайды.

 

 

3. Үйретіңдер!

Сен өзіңді дұрыс ұстауың керек», «Сен үлкендерді құрметтеуің керек», және т.б.Әдетінше балалар бұндай сөздерден ештеңе жаңаны білмейді.Оны «жүзінші рет» естігеннен ештеге өзгермейді. Олар тек сыртқы беделдің қысымын, кейде кінәні, кейде  зерігуді сезінеді, ал жиі барлығын бірге. Моральдік қағидалар және  адамгершілік мінез-құлық  балаларда  көбінесе сөздермен емес,  үйдегі жағдаймен тәрбиеленеді, үлкендердің мінез-құлығын, алдымен ата-ананың мінез-құлығын еліктеу арқылы өтеді.

 

 

4. Дайын шешімдерді ұсыныңдар!

«Ал сен ал да айт...»,  «Мен сенің орныңда...», «Менің ойымша, саған барып, кешірім сұрау керек» және т.б.Әр уақытта балаға  кеңес берген кезде  ол әлі кішкентай екенін  және  тәжірибесі әлі де жоқ екенін, ал біз болсақ  одан ақылдырақ және  барлығын алдын ала білетінімізді көрсетеміз.  Кейде ата-ананың осындай қатынасы  балаларды ашуландырады және  өз проблемасы туралы  әрі қарай айтқысы келмейді.

 

 

5.Сынаңдар және кінәлаңдар!

«Бұны қалай түсінуге болады!», «Тағы да олай емес істедің», «Барлығы сен үшін!» және т.б.

Бұл  сөздер ешқандай тәрбиелік  ролін атқармайды.  Олар балаларда өзін  белсенді қорғау сезімін: жауапты тойтарысжасауды, кері, ызалана жауап  бергізеді; немесе мұңаю, жабырқаңқылық сезімін туғыздырады. Өзінен және өзінің  ата-анасымен қарым-қатынасынан түңілуі. Балада өзін-өзі төмен бағалауы қалыптасады: ол өзін шынымен де жаман, үміт етуге келмейтін,  жолы болмайтын деп есептей бастайды. Ал өзін-өзі төмен бағалау жаңа проблемалар туғыздырады.