Мектептік қиындықтар. Орта мектепке ауысу.
Мектептік өмірдің өте маңызды кезеңі – бұл бастауыш мектептен орта мектебіне ауысу болып табылады. Сіз балаға қолдау жасауыңызға көптеген жағдайлар байланысты: ол жаңа жүктемеге және ортаға қаншалықты тез бейімделеді, оның өзін-өзі бағалауы бұрынғы деңгейде қалады ма...
Әрине осы кезең бізде де және біздің балаларымызда да белгілі қауіптер және үміттермен байланысты. Және де кез келген сәттердің бірі әр балада түрлі қатынасын туғызады. Біреулер бұрынғы тұрақты сыныбында өзін жайлы сезінді. Ал басқаларға кабинеттік жүйеге көшу – бұл көп күткен бастындық, сан-алуан түрлілік. Ал біреулер сүйікті мұғалімімен айрылысуда қатты күйзеледі. Басқа бесінші сынып оқушысы, мүмкін, жаңа мұғалімдердің оң, қасақана емес қатынасын күтеді.
Ата-аналар қандай жағдайларға көңіл аудару керек?
1. Орта мектепке ауысу – кейде тура мағынада «жаңа қабырғалар» болып табылады. өйткені кейбір мектептерде бастауыш сыныптар ғимараттың жеке бөлігінде немесе жеке корпусында орналасқан.
2. Балалардың кейбіреулері сыныптастардың жаңа ұжымына келу мүмкін.
3. «Мәртебесінің ауысуы» да өтеді: бастауыш мектепте үшінші-төртінші сыныптар оқушылары ең үлкендері және білгіштер болған, ал қазір тағы да ең кішкентайлар орнына келеді.
4. Меңгеру қажет оқитын пәндер мөлшері, материал көлемі және күрделілігі кеңейеді.
5. Бұрынғы тұрақты мұғалім әр оқушыны, оның мықты және әлсіз жақтарын жақсы біліп, жеке ерекшеліктерін ескеріп отырған – мысалы, жұмыстың ерекше қарқыны немесе тақта алдында жауап беруге қорқуы. Оны жарты сөзден ұғатын. Жаңа пән мұғалімімен оқушы аптасына бір-екі рет көрісу мүмкін – мұнда сенің ерекшеліктеріңді және мүмкіндіктеріңді тез ұғуды күтуге қиын болады.
6. Мұғалімдердің өздері ерекшеліктері бойынша: қарым-қатынас жасау стилі, сөйлеу қарқыны, талаптары бойынша өзгеше болады.
7. Орта мектептің барлық дерлік мұғалімдері әр бала бесінші сыныпқа үйде және сабақта дербес жұмыс істеуінің қалыптасқан қабілеттігімен келді деп есептейді.
Қызыңызға немесе ұлыңызға мектептік өмірдің «резервтік» кезеңінің мүмкіндіктерін барынша қолдануға қалай көмектесу?
1. Бірінші күндердің «техникалық қиындықтарын» қалай өту керек екенін айтыңдар. Кабинеттер жүйесін түсіну қиын ба?әдетте мектепте барлық оқу кабинеттері нөмірленген. Бала өз күнделігінде арнайы бет ашсын, бесінші сыныпта өтетін барлық пәндерді, ал әр пәннің атауының қарсы жағына кабинет нөмірін және қабатты жазсын. Енді егер мектеп лабиринтінде жоғалса, кабинет нөмірін еске түсіріп, оны оңай табуға болады.
2. Бесінші сынып оқушысы мектептік сабақтар кестесі қайда ілініп тұрғанын жақсы білу керек. Ертеңгі күннің сабақ кестесіне сәйкес барлық қажеттіні жинау керектігін баланың есіне түсіріңіз. Бірақ оның орнына бұны жасамаңыз!
3. Қызыңыз немесе ұлыңыз бір қиындықтар пайда болған кезде мектепте кімге бара алатынын айтыңыз. Бұл біріншіден сынып жетекші, бесінші сыныптарды үйлестіретін оқу ісінің меңгерушісі (оның кабинеті қайда екенін білу қажет). Бесінші сынып оқушыларының көбі эмоционалдық қолдауды бұрынғы бастауыш сыныптардың мұғалімінде іздейді.
4. Мектепте болған істер туралы балаға нақты сұрақтар қойыңыз, жаңа пәндерін, жаңа мұғалімдерін, сыныптастарын сұрастырып отырыңыз.
5. Балаңыздың жаңа ұстаздарымен танысуға мүмкіндік табыңыз.
6. Балаңыздың мектептегі бағаларға қатынасына назар аударыңыз. Ол ұққаны маңызды: әр-түрлі адамдар, соның ішінде әр-түрлі мұғалімдер, оның жұмысының нәтижелерін, тұлға ретінде оны әр-түрлі бағалай алады.
7. Бала денесінің хал-жағдайына, оның эмоционалдық күйіне, мінез-құлығындағы өзгерістерге назар аударыңыз.
8. Ұлғайып келе жатқан оқу жүктемесін меңгеруге үйретіңіз. Сабақтардың үй кестесін басқаша құруға болады. Қажетті ақпаратты түрлі көздерден алуға үйретіңіз: газет және журналдардан, анықтамалық әдебиеттен. Егер мүмкіндік болса Интернеттен де. Кітапхананың оқу залында жұмыс істеу де жақсы әдет болуы мүмкін.
9. Қыздың немесе ұлдың сыныптастарын үйге шақырыңыз. Әсіресе бұл басқа сынып немесе мектеп болса. Осылай оған жаңа ортада тіл табысуға, эмоционалдық қолдау табуға көмектесесіз. Бұрынғы мектеп достарын да ұмытпау жақсы болар еді.
Әрине ауысудың ең қиын сәттері біраз уақыттан кейін алыста қалады. Балалардың көбі осы қиындықтарды бесінші сыныптың бірінші айының соңында жеңеді. Бірақ кейбір балалар басқаларға қарағанда үлкендердің көмегін көбірек қажет етеді. Егер бейімделу кезеңі созылса, онда ұстаздарға және психологтарға көмек сұрауға барыңыз!