Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бірінші сынып оқушысының ата-аналарға кеңестері

Құрметті ата-аналар!

Балаңыздың өмірдегі жаңа кезеңі - мектепте білім алу. Ең маңыздысы бірінші күннен бастап балаңыз мектепте өзін қолайлы сезіну керек. Оған оның оқудағы жетістіктері, мектептегі қарым-қатынас себепші болады. Балалар өмірдің жаңа талабына бірдей оңай үйрене алмайды.    

Балалардың мектепке үйренудің үш деңгейі байқалып отыр. Деңгейлердің мазмұнын біле отыра, сіз балаңыздың мектеп өміріне үйрену кезеңі қалай өтіп бара жатқанын анықтай аласыз.

 

Үйрену кезеңі

Мазмұны

Жоғары деңгей

-Бірінші сынып оқушысының мектепке деген көзқарасы оң.Ұсынған талаптарды жақсы қабылдайды.

-Оқу материалын тез меңгеріп, күрделі есептерді өте жақсы шығарады.

-Ұқыпты, мұғалімнің түсіндіргенін және нұсқауларын мұқият тыңдайды.

-Өздік жұмысына қызығушылық танытады.(барлық сабақтарға үнемі дайындалады)

-Қоғамдық тапсырманы адал орындайды.  

Орта деңгей

-Бірінші сынып оқушысының мектепке деген көзқарасы оң. Ешбір уайымсыз мектепке барады.

- Егер мұғалім дұрыс түсіндіріп, көрнекілігін қолданса,оқу материалын түсінеді.

-Бағдарлама мазмұнның негізгісін меңгереді.

-Есептерді өз бетімен шығарады.

- Егер оны бақылап, қадағалап отырса,үлкендердің берілген тапсырмасын мұқият орындайды.

-Қоғамдық тапсырмасын адал орындайды.

-Сыныптастардың көбімен дос. 

Төмен деңгей

- Бірінші сынып оқушысының мектепке деген көзқарасы онша емес.

-Өз денсаулығына жиі шағымданады.

-Тәртіп бұзушылық байқалады.

-Оқулықтың көмегімен өздік жұмысын орындай алмайды.

-Өздік жұмыс жасауда қызығушылық танытпайды.

-Сабаққа сирек дайындалады. Сабаққа дайындалу үшін мұғалім және ата-ана үнемі еске салып, бақылау керек.

-Бақылау болса  ғана қоғамдық тапсырманы орындайды.

-Пассивті, жақын достары жоқ. Сыныптастардың біразын аты-тегімен біледі.     

 

Баланың мектепке үйрену кезеңі оңай өту үшін, отбасындағы жақсы қарым-қатынас болуы, жанжал жағдайлары болмауы, замандастар арасында мәртебесі жақсы болуы маңызды.

Баланың мектепке үйрену кезеңі өте жақсы өту үшін қажетті шарттардың бірі – ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы, әсіресе алғашқы жылы сабақ дайындауды ұйымдастыру болып табылады.

Үй жұмысын орындауда балаға қалай көмектесуге болады?

1. Баланың жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылғанын тексеріңіз.

- Жұмыс орны жетерліктей жарық болу керек.

- Дәптердің бетіне бастың немесе қолдың көлеңкесі түспеуі үшін жарық көзі алдында және сол жағында болу керек.

- Үй жұмысын орындағанда үстел үстінде артық зат болмауы тиіс.

2. Баланы мезгілімен сабақ қарауды үйретіңіз.

- Мектептен келген соң, біраз демалып, 1-1,5 сағаттан кейін үй жұмысын орындағаны дұрыс.    

- Егер балаңыз үйірмеге барып немесе сабақтан кейін демін алса, онда сабақты кештеу қарауға болады. Бірақ түнге қалдыруға болмайды.

3. Балаңызға жұмыс орында ұзақ отыруды рұқсат етпеңіз. Біраз үзіліс беріңіз.

- Барлық сабақты орындамағанша орыннан тұрмайсың деп ата-аналар жиі талап етеді. Бұл дұрыс емес! 7 жасар балаға 15-20 уақыт берілу керек. Бастауыш мектептің соңына қарай 30-40 минутқа дейін жетуі мүмкін.

- Үзіліске 5 минут жетеді.

4. Мектептегі берілген тапсырмадан басқа қосымша тапсырма беруші болмаңыз.

- Бірінші сынып оқушысында күнделікті анықталған сабақтар саны болады, сондықтан күні бойы оның жұмысқа қабілеті төмендейді.

5. Сыныпта қате орындалған тапсырма қайта орындалмасын.

- Оны тексеруге, қатесін түзетуге ұсынуға болады, бірақ көшірудің қажеті жоқ.

6. Бастапқы уақытта сабақтардың түгелі орындалғанын тексеріңіз.

- Кейбір оқу материалдар меңгерілмей қалуы мүмкін. Сонда қосымша жұмыс жасау керек.

7. Балаңыз үй тапсырмасын орындағанда жанында болыңыз.

- Бастапқыда балалар үй тапсырмасын орындағанда көп қателіктер жіберіп, кірлетіп тастауы мүмкін.

8. Үй тапсырмасын таза, ұқыпты, әдемі орындалғанын талап етіңіз. Бірақ талаптар баланың мүмкіншілігіне қарай орындалсын.

Іскерлік мәннің дамуына назар аударыңыз. Ондай іскерлікке мыналар жатады:

- өз сөмкесін жинау іскерлігі;

- мұғалімдер, балалармен амандасуы;

- мұғалімге немесе сыныптасына сұрақ қоюы;

- сұраққа жауап беруі;

- мұғалімнің түсіндіргенін және берілген тапсырманы тыңдауы;

- тапсырманы орындауы;

- егер түсініксіз болса, мұғалімнің көмегін сұрауы;

- жұмысты бөлуі;

- келіспеушілігін түсіндіруі;

- өзгелердің ойын есептеуі;

- өз жұмысын мақтан етіп, жасырмауы;

- құрбы-құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатып, қолдауы;

- үй шаруашылығының біраз бөлігін жауапкершілігіне алу;

- өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей таңдау іскерлігін жүзеге асыру.

Баланың мектепте жақсы оқуы мектеп пен ата-аналардың тиімді қарым-қатынасына байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, ең жақсы мектеп отбасы мен отбасылық тәрбиені толық ауыстыра алмайды. Тәрбиенің ең маңызды принципі – отбасы мен мектептің бірдей талап етуі. Мектеп білім берсе, отбасы өмірлік тәжірибесін қамтамасыз етіп, жанашырлыққа тәрбиелейді.

Ата-ананың нәзігін сезбеген бала тұйық болып өседі.

Есте сақтаңыз! Өміріңізде ең үлкен құндылық – бала. Баланы түсінуге талпыныңыз, құрметтеңіз. 

- кез келген уақытта шаруаңызды қоя отырып, баламен жұмыс жасаңыз;

- жасына қарамай кеңес алыңыз;

- балаға қатысты жасаған қателігіңізді мойындаңыз;

- егер қателескен болсаңыз кешірім сұраңыз;

- өзіңізді балаңыздың орнына жиі қойыңыз;

- балаңызға ауыр тиетіндей сөздер айтпаңыз;

- балаңыздың қылығы сіздің ашуыңызды шақырса, өзіңізді сабырлыққа шақырыңыз.

Апта соңында қойылатын бес сұрақ

Аптадағы оқудың соңғы күннің кешкі уақытында (кешкі ас басында немесе одан кейін), ұйықтар алдында балаңызға бірнеше сұрақтар қойып, бірге талқылаңыз. 

- Оқу аптасы қалай өткеніне қанағат па, неліктен?

- Оқу күндері барысында не басты болды, не қуантты, не толғандырды, не қызықты боп көрінді?

- Апта бойы қандай «рөлді» орындау керек болды (оқушы, кезекші, көрермен, істің,оқиғаның қатысушысы, жеңімпаз т.с.с)? Қандай рөлдер ұнады, қайсысы ұнамады?

- Қай күн есте сақталды? Неліктен?

- Келе жатқан апта бала үшін немен байланысты?

Сынып суреті бойынша әңгіме құру.

Алдарыңызға сыныппен бірге түскен суретін қойыңыз. Алдымен сізді сыныптастарымен таныстырсын.Парталас және қатарлас көршілерін көрсетсін. Әрі қарай сурет арқылы сыныптастармен өзара қарым-қатынасы туралы сұрастыруға болады. «Сыныбыңда кім бұзақылық жасайды?» немесе «Кімнің бағасы нашар?» деген сауалдар қойылмасын.

Мен тоқсанды (жылды) қалай аяқтаймын?

Екі-үш апта бұрын балаңызға қорытынды бағаларының болжамын жасауды ұсыныңыз. Табельді алған соң, болжам бағаларымен салыстырыңыз, талқылаңыз.

Балаңыздың мектептегі күнделікті көңіл-күйін дұрыс анықтау үшін диагностика-ойынын ұсынамыз. Қағаздың бетіне немесе екі түрлі заттың көмегімен (мысалы, түймелер мен моншақтар т.с.с.) мектепте өткен күнін «салу». Сурет арқылы қуанышын, көңіл-күйдің жақсы не жаманын көре аласыз.