Телефон доверия
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
"Жанұя" отбасын жобасы бойынша қолөнер шеберханасы өтті
01-03-2022 11:13

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 24 ақпан күні "Өркен" балалар-жасөспірімдер клубында  "Жанұя" отбасы бағыты жобасының бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-аналармен "Өнерлі қол, бақытқа жол" атты қолөнер шеберлік сабағы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: тастанды материалмен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ұқыптылықты, ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу, қайталама материалдардан әдемі және қажетті заттар жасау.

Балалардың практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық белсенділікті дамыту және көркемдік талғамға тәрбиелеу, ата-аналар мен балалар арасында достық және сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету.

Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесіп Көңілді, Шығармашылық жұмыс жасады, бұл іс-шараның нәтижесі керемет сурет болды.

Жалпы 62 адам қамтылды. Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында рефлексия өтіп, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.