2023 жылдың 3 шілде күні «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында, "Бата fest" фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: Оқушыларға бата беру туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру болды.
Бұл іс -шараның негізгі барысы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, мәдениетін ,салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шараға қаламыздың барлық мектептері қатысты.
Іс -шара соңында, мектептер келесідейноминацияларбойынша марапатталды:
- «Мәнерлеп оқылған бата» №7 ЖОББМ;
- «Әртістік өнерін көрсете отырып берілген бата»Малайсары атындағы ЖОББМ;
- «Қысқа да нұсқа бата» Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ;
- «Өзіндік ерекшелігі бар бата» М.Ташенов атындағы ЖОББМ;
- «Үздік театрлық қойылыммен берілген бата» №6 ЖОББМ.
"Бата fest" фестивалінің қатысушылары өзіндік ерекше бір талғампаздықтарымен бата беріп, қойылым түрінде көрсетті. Іс-шара соңында Еуразиялық дизайнерлер Одағының төрайымы Сұңғатова Ғалия Балтабайқызы бата беріп, тілегін айтты. Бұл іс-шараға көрермен болып келген қонақтарымызбен, қатысушы оқушыларымызға өте ерекше шынайы көңіл-күй сыйлады .