БІРТҰТАС ТӘРБИЕ " бағдарлама бойынша " ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР " тақырыбына "Бәйтерек" үйірмесінде ашық сабақ өткізілді.
Бүгін, яғни 04.12.2024 күні " ӨРКЕН" клубында " БІРТҰТАС ТӘРБИЕ " бағдарлама бойынша " ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР " тақырыбына "Бәйтерек" үйірмесінде ашық сабақ өткізілді.
Балалардың ата- аналары түрлі тағамдар дайындап бауырсақ, самса, бесбармақ, құрт, талқан тағы басқа көптеген тағамдарды, кондитерлік өнімдерді жасап әкелді.
Оқушылар ұлттық тағамдардың тарихымен, қазақ шайының ерекше рәсімімен танысты.
Домбыра үйірмесінің ұстазы Бауыржан Болсынғазыұлы қыз балаларға арнап " ЕРКЕ СЫЛҚЫМ" күйін орындап, көңіл күйлерін көтерді.
Ата- аналар мен балалар шай ішуінің , шай құйу рәсімінің өзіндік мәні бар екенін тамашалады.