Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ қолөнерлерін дәріптеу
04-02-2025 11:38
Қазақ қолөнерлерін дәріптеу

    “Жалын” БЖК “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қамшы өру және киіз басу дәстүрлі қазақ қолөнерлерін дәріптеу мақсатында, шеберлік сабақтар өткізді. Шеберлігімен бөліскен қонақтарымыз «Қазақстан Республикасының құрметті азаматшасы», «Аяулы Ана» ордендері иегері, Қазақстан Республикасының Ардагер ұстазы – Резуанова Күнекей Кабиевна, қол өнерші, «Нұр ана әлемі» қоғамының мүшесі, «Атамекен» зейнеткерлер кеңесінің мүшесі, Жаяу Мұса атындағы МҮ “Алтын оймақ” үйірмесінің жетекшісі, 33 мектептің “Аққу” жобасының, “Сырғалым” клубының жетекшісі, «Екі дүркін, аламан құрақ» қатысушысы, «Корпе Фест» фестивалінің қатысушы, Бесінші көшпенділер көрмесінің қатысушы, үш рет Қазақстан Кинес рекордын орнатушы, бір рет әлемдік Гиннес рекордтар орнатуға қатысушы, Евразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткеріиконкурсына қатысып ,төсбелгі иегері, “Дара жол” төс белгісінің иегері, салт-дәстүр, қазақы қол өнерін насихаттаушы Сунгатова Галия Балтабаевна, «Нұр ана әлемі» қоғамының мүшелері «Ғибрат» әжелер тобы, өскелең ұрпаққа өнегелі атамыз Резуанов Кабрахман. Күрделі қолөнер бұйымдарының шығу тарихы мен жасалу жолдары балалар, ұстаздар мен ата-аналарға көрсетіліп, ары қарай жалғастыру жоспары құрылды. Шеберлік сабақ жалғасы “Амал” - көрісу күніне, яғни 14 наурызға бекітілді. Ата-әжелерімізден даналық пен ұлттық тәлім- тәрбие сіңірген тәрбиеленушілер мен ұстаздар, дастархан жайып, үлкендерден бата алып, сый- құрмет көрсетті.