«Ұлы дала мұрасы» жобасының марапаттау рәсімі туралы ЕСЕП 2025 жылғы 6 маусымда Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының кіші залында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Ұлы дала мұрасы» театрландырылған қойылымдар жобасының марапаттау рәсімі өтті. Жобаның мақсаты – оқушыларды театр өнеріне баулу, тарихи-мәдени мұрамызға деген қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында мектеп командалары ұлттық құндылықтарға, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға негізделген сахналық қойылымдарын ұсынды. Қойылымдар мазмұндылығы, актерлік шеберлік, сахналық көркемдік, командалық үйлесім және тәрбиелік маңызы бойынша бағаланды. ⸻ ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН НОМИНАЦИЯЛАР
