Бапкер Ертай Хайроллаұлы Жаменкеновпен сұхбат
— Ертай Хайроллаұлы, халықаралық турнирге дайындық қалай өтті?
— Дайындық өте қарқынды әрі жауапты өтті. Күн сайын жаттығу өткізіп, спортшылардың дене дайындығына, техникалық және тактикалық шеберлігіне ерекше көңіл бөлдік. Балалар бар күш-жігерін салып еңбек етті. Себебі олар әлемнің мықты былғары қолғап шеберлерімен кездесетінін жақсы білді. Әр спортшы «Жігер» орталығы мен Қазақстанның намысын лайықты қорғауға тырысты.
— Турнир туралы айтып өтсеңіз.
— Ақмола облысының «Аршалы» республикалық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ашық халықаралық бокс турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 12 елінен спортшылар қатысты. Атап айтқанда, Германия, Чехия, Ресей (Мәскеу, Якутия, Омбы), Словакия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Қазақстан құрамалары бақ сынады. Біздің боксшылар Чехия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей спортшыларымен қолғап түйістірді.
— Жарыстың қорытындысы қандай болды?
— Жарыс өте тартысты өтті. Әр кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мықты қарсыластармен өтті. Соған қарамастан, біздің спортшылар жоғары шеберлік пен жігер танытып, бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

