«Отбасы – бақыт мекені» атты балалар шығармашылығының көрме.
Байқаудың мақсаты: қолданбалы өнерінің әр түрлі көркем, қайталанбас тілімен отбасы образын көрсете білу. Көрмеге қолданбалы өнер үйірменің оқушылары қатысты. Балалардың жүрегінен шыққан бұйымдар отбасының мүшелеріне арналып жасалынған. Оқушылар өз туындыларында қолданбалы өнерінің әдістерін ұтымды пайдаланып, бақытты отбасы бейнесін көрсеткен. Сәнді-қолданбалы өнерінен шеберлеріміз квилинг, оригами мен әр түрлі техникасында орындалған жұмыстарды ұсынды. Жас шеберлердің таң қаларлықтай әдемі сәнді-қолданбалы бұйымдары қызықты композициялық сюжеттерімен және бояулардың қанықтығымен тартымды. Картиналардың түс үйлесімдігі, мәнерлілігі, шеберлігі, әдемілігі – осының барлығы балалар шығармашылығының нәтижесі. Осы көрме аралығында әр түрлі жұмыстар жасөспірімдер мен оның ата-аналарына өте ұнап, көңілінен шықты. Қорыта келгенде осындай көрмелер балалардың ынтасын арттырып, жұмыстарын тиянақты, барша көңілмен істеуге әкеледі.