Жарысқа 5 аула командалары қатысты. Әрбір командада 5 баладан. Бұл бастауыш және орта сыныптың оқушылары, 7-15 жастар аралығындағы жеткіншектер. Бүлдіршіндер қызыға зор ынта қойып ойнады.
Турнир-сайысты – тест, емтихан деуге болады. Алған теориялық білімдерін, үйренген ойнау шеберліктерін шәкірттер іс жүзінде қолданады, өз бойларында күрескерлік қабілет шыңдайды.
Турнир Халықаралық Шахмат күніне арналды. Жасөспірімдер шахмат спортына арналған халықаралық күн бар екенін ұғынды, оған мән берді. Қазақстанда шахмат спорты жедел дамып келеді. Шахмат ойлауға, есептеуге үйретеді, логикалық тұжырым жасауға машықтандырады. Балалар қажырлылықты, төзімділікті, күрескерлікті, қатаң тәртіпті бойына дарытады. Сайыс кезінде қарсыласымен, спот әріптестерімен сыйластық, оң қарым-қатынас қалыптастырады.
Шахмат ойыны шәкірттердің оқу үлгерімен, әсіресе математика пәнінен жақсартады.
Турнир нәтижесі: бірінші орында 1 май көшесінде орналасқан №288 үй командасы жеңіп алды, екінші орынды №284 үй командасы, үшінші орынды №286 үй командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен және «Жеңіс» клубы көркемсурет үйірмесі шәкірттері жасаған бұйым-сыйлықтармен марапатталды.
Турнир дастархан басында мерекелік шай ішумен және ойын-конкурстармен жалғасты.