Телефон доверия
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
5 мамыр күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубы қалалық № 7 балалар кітапханасымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізді.
06-05-2014 05:04
5 мамыр күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубы қалалық № 7  балалар кітапханасымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізді.

           5 мамыр күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубы қалалық № 7  балалар кітапханасымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өткізді. Шараның жүргізушілері  біздің ата-бабаларымыздың ерліктері туралы, Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгені туралы әңгіме етті. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, 10 мыңнан аса Павлодарлықтардың батыр еңбектері үшін ордендермен және медальдармен марапатталғаны оның ішінде 23 Павлодарлық жерлестеріміздің «Совет Одағының батыры» атағына ие болғандығы туралы айтып, олардың есімдері аталып өтті. «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубының «Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің (жетекшісі – Баширова Ж.Р.) балалары Окунева Юлия Жұбан Молдағалиевтің «Сталинград үшін шайқас», Галочкина Рина Жұмағали Саиннің «Партизандар», Пудовикова Альбина К.Луниннің «Солдаты Родины» атты өлеңдерін оқыса, «Керім-ай» би студиясының (жетекшісі – Доброскок И.А.) балалары «Катюша», «Буги-вуги» және «Орыс биін» билеп көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар «Юный художник» бейнелеу өнері үйірмесі балаларының қолымен жасалған  бұйымдардың көрмесі және «Саған атақ, жеңімпаз жауынгер» - «Слава тебе, победитель солдат» атты екі тілдегі кітап көрмесі ұйымдастырылып, шараның соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға жиналғандарды «Болашақ» клубының меңгерушісі Рулат Қайыргелдіұлы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге алғыс білдірді.