Көп ата-аналар мектептегі және балалар клубындағы жаңа жылдық мерекенің еш айырмашылығы жоқ деп ойлайды, бірақ олар қателеседі. 2016 жылдың 26 желтоқсанында «Айналайын» БЖК, өткен мерекелік шараны балалар өздері өткізді, ал қонақтар мен ата-аналар көрермен болды. Қойылым алдында балалар қызықты ойындар ойнатты. Клуб мерекесінде барлық қатысушылар белсенді болып, театралдық қойылымда рөлдерді сомдап, ертегінің қызықты сюжетіне қатыстырылды.
Балалар әр эпизодта ғажайып ертегінің бір бөлігіне айналып, кейіпкер болып, алдарында оларды қандай оқиға күтіп тұрғанын білді. «Айналайын» клубындағы мерекеде балаларға арналған көңіл көтеруге лайық барлық атрибуттар болды: болжанбайтын және құпиялылық, белсенділік және болып жатқан әрекетке қатысу, мереке және ұжымдасу, жақсы эмоцияларды бірге бастан кешу.