«Шынықсан – шымыр боласың»
16 желтоқсанда «Өркен» БЖК-да ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Шынықсан – шымыр боласың» атты спорттық ойын-сауық кеші өтті. Мақсаты: балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Бұл жарыста екі топ жарысқа түсті «Мергендер» және «Жүйріктер». Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – «Таныстыру» 2 бөлім – «Жарыс түрлері» 3 бөлім – «Қимылды ойын» Осылайша жарыс барлығына ұнап, оқушылар көңілді күймен қайтты. Балалардың шынықтырған, жаттықтырған жаттықтырушы Еркінбек Кадановичқа рахметтерін айтты!