Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әдістемелік отырыс: "Қосымша білім беру жұмысының сапасын жетілдіру".
23-11-2017 04:51
Әдістемелік отырыс:

Тақырыбы: Тәрбиеленушілердің спорттық және шығармашылық жетістіктері - баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуының негізі.
«Эмералд» БЖК негізінде спорттық бағыт бойынша әдістемелік кеңес өтті. Бірінші әдістемелік кеңестің ерекшелігі, оның теориялық бөлімінің болмауы.
Әдістемелік кеңес «Эмералд» клубының меңгерушісі Г.Е. Жергасинованың экскурсиясынан басталды. Гульнар Есеновна қысқаша түрде клубтың тарихына, жетістіктеріне, педагогикалық құрамына қысқаша тоқталып өтті. Экскурсиядан кейін әдістемелік кеңестің төрайымы Жолдасбекова А. Е. 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмысының жоспары туралы айтып өтті. Содан кейін әдістемелік кеңес қатысушылары 4 топқа бөлініп, әр топ 2017-2018 оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтердің шеберлік сабақтарына қатысты.
Шеберлік сабақтарын өткізгендер:
1. Морозов Д.А. « Айнала жаттығу әдісі арқылы жалпы дене тәрбиесі»;
2. Галенза С.В. «Ката Хаян Шотодан»;
3. Волкова Н.С. «Фитнес»;
4. Фатхудинов Д.Р. «Муайтай»

Шеберлік сабағын өткізген педагогтер өздерінің үйрететін спорт түрлеріне тоқталып, оның ерекшеліктері жайында және тәрбиеленушілерінің жеткен жетістіктерін атап өтті.
Әдістемелік кеңес қатысушыларының қойған бағалары бойынша барлық шеберлік сабақтары жоғары деңгейде өтті, және осындай шеберлік сабақтары жиі өткізіліп отырса деген ниеттерін білдірді.