Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бүгін мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Бәрін таста да, кітап оқып баста» атты тақырыпта кітап оқу шарасы ұйымдастырылды.
27-01-2022 14:43
Бүгін мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Бәрін таста да, кітап оқып баста» атты тақырыпта кітап оқу шарасы ұйымдастырылды.

Адами қасиеттердің ішіндегі ең күрделісі және ұлысы – кітап: ол адамзаттың рухани байлығының әлемі. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім-бұлағы, білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу мүмкін емес», – деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін айрықша атап айтқаны баршаға белгілі. Сондықтан “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында бүгін мектебімізде 9»А» сыныбында Г.С. Ауталипованың ұйымдастырумен  «Бәрін таста да, кітап оқып баста» атты тақырыпта кітап оқушарасыұйымдастырылды. Шара барысында оқушылардың өз еркімен оқитын шығармаларытуралы өз ойларын ортаға салып, белсене қатысып отырды.