“Ақберен”
6 қазан күні шығармашыл оқушылар арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау нәтижесі бойынша “Эссе” номинациясы бойынша І орынға 9а сынып оқушысы Нұрлан Искандер, “Көркем сөз оқу” номинациясы бойынша ІІ орынға 9а сынып оқушысы Айдын Айман ие болды. Оқушыларды байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Айсұлу Нағам. Құттықтаймыз!