Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Әліппемен қоштасу" мерекесі
01-02-2023 11:16
Бүгін 1 А сыныбында оқушылардың  тілін дамытып, сөздік қорын молайтып, әліппеден алған білімдерін тиянақтау  және  әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында "Әліппемен қоштасу" мерекесі өтті.
Мерекеге  шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе», сабақтан қашып жүрген Жалқаубек, жаңа пән "Ана тілі" қонаққа келіп, балалардың көңіл күйлерін көтерді.  Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — әліппені бітіру тойына келген ата-аналар және ұстаздар балаларды құттықтап, мерекені тамашалап қайтты.
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.